Месячные архивы: Август 2021

Түрік азаматшасы үйіне Қазақстан туып іліп, Жамбылдағы жағдайға байланысты көңілін білдірді

Түрік азаматшасы Кырыккаледегі үйіне Қазақстан туып іліп, Жамбылдағы жағдайға байланысты көңілін білдірді. 29 тамыз Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болып жарияланғаны белгілі. Осы күнге орай Кырыккаледе тұрғыны Қазақстан туын үйінің балконына іліп қойған. Фатма Сөнмез өз сезімімен былай бөлісті: «Қазақстанда болған жарылыс салдарынан шейіт болған жауынгерлер мен қазақ бауырларымыздың қазасына қатты қайғырдым. Алла Тағала олардың отбасыларына сабыр бергей. Қазақстан – ...

Читать далее »

HALYK BANK ҚАРЫЗДЫ КЕШІРЕДІ

Halyk Bank Жамбыл облысындағы әскери нысанда болған жарылыстан зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты. Арнайы таратылған баспасөз хабарында: “Halyk Bank басшылығы мен банктің мыңдаған адамнан тұратын ұжымы атынан Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан мезгілсіз қазатапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Бұл қайғылы оқиға ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлерінің өмірін қиып, ел үшін және әрбір қазақстандық үшін орны толмас қайғыға айналды”, – делінген. Сондай-ақ, жарылыс кезіндп ажал құшқан азаматтардың несиесін есептен шығаратыны айтылған: “Банк басшылығы зардап шеккен отбасыларға қолдау ретінде Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқан Halyk Bank клиенттеріне банктен алған қарыздарды есептен шығару туралы шешім қабылдады. Сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз”.

Читать далее »

Ақ халаттыларға алғыстарын жаудырды

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының 2021 жылғы 6 тамыздағы «Инфекциялық стационарды ұйымдастыру туралы» №379-н/қ бұйрығы бойынша, Шымкент қаласындағы М.Х. Дулати көшесі 205 мекен-жайында орналасқан Политехникалық колледжінің базасында инфекциялық стационар 9 — тамыздан бастап ашылды. Сол күннен бастап COVID-19-бен ауырған науқастар ем қабылдауда. Емхананың медицина қызметкерлері күндіз-түні науқстарға ем-дом жасауда. Медицина мекемесінің білікті дәрігерлерінің нәтижелі жұмысының арқасында ауруынан айыққандар қатары артып ...

Читать далее »

«DENSAULYQ» кәсіподағы» ҚБ  200-ден аса балаға мектепке қажетті жабдықтарын алып берді

«DENSAULYQ» Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ  200-ден аса балаға мектепке қажетті жабдықтарын алып берді. «DENSAULYQ» қоғамдық бірлестігі кәсіподаққа мүше әлеуметтік жағдайы төмен және материалдық қолдауға мұқтаж отбасылардың тізімін жасаған. Кейін сол тізім бойынша кәсіподаққа мүше отбасындағы 204 оқушыға сабаққа қажетті жабдықтар толтырылған сөмкелер таратылды. Айта кетейік, бұл игі шара «Бірінші сыныпқа бірінші рет!» атты акция аясында өткізілді. Шара ...

Читать далее »

Ботир Шахриёров: « Бұхараның Орталық Азия бойынша туристік потенциалы өте жоғары»

Түркітілдес журналистер қорының отандық БАҚ өкілдері үшін ұйымдастырған Ташкент-Самарқан-Бұхара сапары барысында Бұхара облысы әкімінің орынбасарымен сұхбаттасудың сәті түсті. Қарапайым, өз ісінің нағыз білгірі екендігі байқалып тұр. Бұхараның арғы бергі тарихынан бастап, бүгінгі даму жолына дейін баяндап өтті. Алдағы жоспарларымен де бөлісті. Бұхара облысы әкімінің орынбасары Ботир Шахриёров «Қазақстандық білікті журналистердің келгеніне, бірлесе жұмыс жасайтынымызға қуаныштымыз» деп бастады әңгімесін. «Бұхараға туристер ...

Читать далее »

«Шеврон» компаниясының әлеуметтік жобалары

Қазақ журналистерінің білім, білігін дамытып, таным көкжиегін кеңейтуіне барынша жағдай жасап жүрген Түркітілдес журналистер қорының жобаларының берері мол. Заман талабына сай білімін жетілдіруге құлшынысы басым қалам ұстаған қауымға аса құнды сабақтар сериясы жалғасын табуда. Күні кеше «Шеврон» компаниясының серіктестігі бірігіп жүзеге асырған «Qolda» шұғыл көмек бағдарламасының гранттарына ие болған үш ұйым өз жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды. Онлайн кездесудің өтуіне мұрындық болған ...

Читать далее »

Бұхарадағы ескі шаһар…

Бұхарадағы ескі шаһар аумағын нағыз көненің көзі деуге болады. Мұнда «Калон» архитектуралық мешіті мен Мір Араб медресесі, «Калон» мұнарасы орналасқан. Биіктігі 48 метрлік мұнара алыстан менмұндалайды. Пой Калон яғни, ұлы кешен деп аталады. Алып кешен 1127 жылы тұрғызылыпты. Қараханидтер әулетінен шыққан Арслан ханның бұйрығымен бой көтерген көрінеді. Со заманда Бұхар әмірі «ең үлкен кешен саламыз, кімде кім осыны тұрғызса қап-қап ...

Читать далее »

Өз бетінше емделу өте қауіпті…

Шымкенттік дәрігерлер тұрғындарды өз бетімен ем қабылдамай, ең алдымен, ауруханаға баруға шақырады. Бүгін Шымкенттегі ақпараттық-коммуникация орталығында қаладағы емхана басшыларымен брифинг өтті. Дәрігерлер үй жағдайында өзін-өзі емдеудің соңы қайғылы жағдайға алып келеді деп отыр. Ақ халаттылар қаладағы емдеу кабинеттерінде адамдар коронавирустық инфекция емінің протоколына қарсы инъекция жасайтын жағдайлар жиілеп кеткенін айтады. Махамбет Бейсеуов, Шымкент қалалық №1 емхананың бас дәрігері: «Бүгінде қаламызда ...

Читать далее »

Орта Азиядағы ең ежелгі қалалардың бірі

Өзбекстан қалаларының қайсысын алып қарасаңыз да айырықша бір үйлесім, үндестік бар сынды. Ол ең алдымен тарихи мұраға байлығы. Екіншіден жасыл желекке көмкерілген көрікті жерлерінің көптігі. Тіпті қалалар арасында пойызбен қатынағанда да шалғай шеттегі ауылдарының атырабына дейін жасыл желекке малынып тұр. Шілде айының ортасынан ауса да, сарғайған шөп көрмейсің. Үй аулалары жеміс ағаштарынан көрінбейді, ал шаруашылықтары тамшылатып суғаруды тиімді пайдаланып, табиғатын ...

Читать далее »

Еліміздегі ақпараттық салада еңбек етіп жүрген бір топ журналист өзбек елін аралап қайтты

Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен Өзбекстан Республикасының туризм және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан жобаның мақсаты — қос ел арасындағы тарихи-мәдени байланыстарды насихаттау, туризм саласының әлеуетін таныту, Түркі елдері арасындағы достық, ынтымақтастық қарым-қатысты ақпараттандыру. Бір аптаға жоспарланған сапарға әсіресе, аймақтардың журналистері көптеп қамтылды. Алғашқы екі күнде Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласына арнаған журналистер әсемдігі көз тартар сұлу да көрікті қаланың 30 жылда ...

Читать далее »