ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен БАӘ-нің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арики өзара сауда көлемін ұлғайту және энергетика, көлік, логистика салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Әлихан Смайылов Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерімен инвестициялық әріптестікті дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша БАӘ-ден Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі 27%-ға өсіп, шамамен $420 млн болды. ...
Читать далее »Месячные архивы: Май 2023
Казақстан мен Оңтүстік Корея: жаңа заманда жаңа сапалы қатынастар
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу елімізге ресми сапармен келген Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Жинмен екіжақты келіссөзер жүргізді. Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Оңтүстік Корея ынтымақтастығының жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды талқылады. ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы М. Нұртілеу Корея Республикасы Қазақстанның Азиядағы негізгі әріптестерінің бірі екенін атап өтті. ...
Читать далее »Беларусь астанасында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары арасындағы консультациялар өтті
Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев басқарды. Консультациялар барысында 2023 жылғы 19-20 маусымда Минскіде өтетін ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің алдағы отырысына дайындыққа байланысты мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар консультацияларға қатысушылар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін және ҰҚШҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын талқылады, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның басқа халықаралық ұйымдармен (БҰҰ, ТМД, ШЫҰ) және бөлек мемлекеттермен диалогын дамыту жөніндегі одан арғы ...
Читать далее »Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Жаппай қырып-жою қаруын таратуға қарсы күресте қауіпсіздік жөніндегі бастаманың 20 жылдығына орай Жоғары деңгейдегі кездесуге қатысты
Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Жаппай қырып-жою қаруын таратуына қарсы күресте қауіпсіздік жөніндегі бастаманың 20 жылдығына орай Жоғары деңгейдегі мерейтойлық кездесуге қатысты. Іс-шараға Бастаманың Азиядағы, Еуропадағы, Америкадағы, Африкадағы және Тынық мұхит өңіріндегі қатысушы мемлекеттері сыртқы саяси және қорғаныс ведомстволарының жоғары мәртебелі өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Кездесудің пленарлық отырысында сөз сөйлеу барысында Қ. Омаров Қазақстан таратпау және ...
Читать далее »БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Өңірлік бюросы Қазақстанның азаматсыздықты қысқартуға қосқан үлесін жоғары бағалады
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Азия және Тынық мұхит аймағы үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (БҰҰ БЖКБ) Өңірлік бюросының директоры Индрика Ратваттемен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қ. Тумыш азаматсыздықты қысқарту, босқындарды, іштей қоныс аударған адамдарды, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғаларды қорғау және оларға гуманитарлық көмек беру саласында Қазақстан қабылдап жатқан шаралар туралы ақпарат берді. Өз ...
Читать далее »Қазақстан Елшісі Әзербайжан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанның Әзербайжандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Әлім Байелдің сенім грамоталарын қабылдады. Қазақстандық дипломат бауырлас Әзербайжан Республикасында елінің атынан қызмет атқару өзі үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті. Ә. Байел Қазақстан мен Әзербайжан мемлекет басшыларының тапсырмалары шеңберінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету бойынша жұмыс істейтінін айтты. Сұхбат барысында Әзербайжан Президенті И. Әлиев екі ел арасындағы ынтымақтастық деңгейінің қарқынына көңілінің ...
Читать далее »Клайпедада Қазақстаннан Еуропаға жүк тасымалдау көлемін арттыру мәселелері талқыланды
Қазақстанның Литвадағы Елшісі Тимур Оразаев Клайпеда теңіз порты басқармасының бас директоры Алгис Латакаспен кездесуде Қазақстаннан жүк тасымалы көлемін сақтау мен арттырудың маңыздылығын атап өтті. Белгілі болғандай, Қазақстан Үкіметі еліміздің көлік-логистикалық инфрақұрылымын, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға басымдық береді. Бұл тұрғыда ү.ж. 1 маусымнан бастап «LTG Cargo» ұлттық литвалық теміржол компаниясының «Транскаспий халықаралық көлік маршруты» халықаралық қауымдастығына кіруі оң ...
Читать далее »Шетелдің ірі компаниялары Қазақстан аумағында жұмыс істеуге келіп жатыр
Шетел компаниялары Қазақстан аумағына көшу туралы ұсыныс айтып отыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлім етті. «Ресей Федерациясынан кететінін ресми түрде жариялаған компанияларды көшіру бойынша ауқымды жұмыстар ескерілген. Қазіргі кезде біз Қазақстанға көшіру бағытында 401 компанияға шақырту жолдадық. Біздің елшілер компания басшыларымен пікір алмасып жатыр. Осы орайда, 67 компания келісіп, өздерінің оң жауаптарын берді. Бұлар бойынша тиісті ...
Читать далее »Халықаралық бокс қауымдастығының рейтингісінде Қазақстан 1-орында тұр
2023 жылғы әлем чемпионатынан кейін Халықаралық бокс қауымдастығының рейтингісінде Қазақстан бірінші орында келеді. Бұл туралы Спорт Шредингера Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды. Екінші орында бұрынғыша Өзбекстан тұр. Үшінші Ресей келеді. Рейтингінің төртінші позициясында Үндістан орналасқан (әйелдер боксының арқасында). ТОП-бестікті Куба түйіндеп отыр. Ал АҚШ IBA-ден шыққаннан кейін және әлем чемпионатын өткізіп алған соң 10-ыншы орынға құлдырады. Айта кетейік, IBA рейтингісінде халықаралық ...
Читать далее »Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Түркия Республикасының 100 жылдығы қарсаңында өткен президент сайлауындағы Режеп Тайип Ердоғанның айқын жеңісі оның Түркияны дамытуға қосқан зор үлесі мен қоғамдағы биік беделінің нәтижесі екенін атап өтті. Президент бауырлас екі мемлекеттің сан ғасырлық ортақ тарихы мен мәдениетінің тамыры тереңде жатқанын атап өтіп, Түркиямен арадағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті ...
Читать далее »