Жарияланды: 31.05.2023

Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Жаппай қырып-жою қаруын таратуға қарсы күресте қауіпсіздік жөніндегі бастаманың 20 жылдығына орай Жоғары деңгейдегі кездесуге қатысты

Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Жаппай қырып-жою қаруын таратуына қарсы күресте қауіпсіздік жөніндегі бастаманың 20 жылдығына орай Жоғары деңгейдегі мерейтойлық кездесуге қатысты.

Іс-шараға Бастаманың Азиядағы, Еуропадағы, Америкадағы, Африкадағы және Тынық мұхит өңіріндегі қатысушы мемлекеттері сыртқы саяси және қорғаныс ведомстволарының жоғары мәртебелі өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесудің пленарлық отырысында сөз сөйлеу барысында Қ. Омаров Қазақстан таратпау және қарусыздану саласындағы ең маңызды келісімдердің қатысушысы болып табылатынын және Бастаманы толығымен қолдайтынын атап өтті.

Осы тұрғыда ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Қазақстанда сезімтал материалдар мен қосарлы мақсаттағы технологиялар айналымына тиімді мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін экспорттық бақылаудың ұлттық жүйесін үнемі жетілдіріп отырғанына назар аударды. Атап айтқанда, 2023 жылғы 28 ақпанда Қазақстанның халықаралық міндеттемелерінен шығатын талаптарды және озық халықаралық тәжірибені қамтитын «Өзіндік ертекшілігі бар тауарларды бақылау туралы» Заң күшіне енді.

Қатысушылардың назары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пандемия проблемаларын кешенді және тиімді шешу үшін Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру жөніндегі бастамасына аударылды. Орталық Азия аймағында жаппай қырып-жою қаруды орналастыруға, транзитке және өндіруге тыйым салатын Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақтың жұмыс істеуінің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Іс-шара аясында Қазақстан делегациясының басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының қару-жарақты бақылау және халықаралық қауіпсіздік бойынша орынбасары Бонни Дженкинспен, сондай-ақ Корея Республикасы, Польша, Аустралия, Палау және Филиппин делегациялары басшыларымен кездесулер өткізді.

Анықтама: Жаппай қырып-жою қаруын таратуына қарсы күресте қауіпсіздік жөніндегі бастаманы 2003 жылы Польшадағы Краков қаласында АҚШ Президенті Дж. Буш ұсынған болатын. Ол жаппай-қырып жою қаруға және оның жеткізу құралдарына байланысты материалдардың заңсыз айналымын және трансшекаралық жылжытуын бұлтарпауға бағытталған.

Қазіргі таңда 106-дан астам мемлекет Бастаманың мақсаттары мен қағидаларына қолдауын білдірді. Қазақстан Республикасы «Краков бастамасына» 2005 жылғы шілдеде ресми түрде қосылды.

183 қаралым