Месячные архивы: Июль 2023

ТҮРКІСТАН: КОЛЛЕДЖ ТАЛАПКЕРЛЕРІ ҮШІН «ДҰРЫС МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР

  Түркістан облысының орта арнаулы оқу орындарына 2023-2024 оқу жылына бөлінген 15300 грантты игеру бойынша арнайы құрылған мобильді топ өз жұмысын бастады. Осы орайда, өңірге қарасты аудан, қалалардағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және орта арнаулы оқу орындарымен бірге жұмыс жоспары түзіліп, «Дұрыс мамандық таңдау» атты тақырып аясында кездесулер өткізіліп жатыр. Тарқата айтсақ, мобильді топ Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай, Шардара, ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРҒА ҚЫСТЫ КҮТПЕЙ, КӨМІРДІ ЕРТЕРЕК САТЫП АЛУ ҰСЫНЫЛДЫ

  Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс тұрғындарын көмірді ертерек сатып алуға шақырды. Спикердің айтуынша, облысқа жылыту маусымында көмірге деген сұраныстың жалпы көлемі – 1 021,3 мың тонна. Оның ішінде бюджеттік ұйымдардың автономды қазандықтарына көмір қажеттілігі – 140,2 мың тонна (26,9 мың тонна тасымалданған 19%), жылу беретін кәсіпорындар – ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН МЕН ЧЖЭНЧЖОУ ҚАЛАСЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Түркістан облысына Қытайдың тарихи әрі экономикалық орталықтарының бірі, өндірісі дамыған Чжэнчжоу қаласынан делегация келді. Түркістан облысынның әкімі Дархан Сатыбалды делегацияны қабылдап, Чжэнчжоу муниципалды халық үкіметінің вице-мэрі Ху Цянмен келіссөздер жүргізді. Өңір басшысы Түркістан қаласының қазақ және түркі әлемі тарихындағы маңызына тоқталып, экономикалық әлеуетімен таныстырды. Инвестиция тартуға, өндіріс орындарын көбейтуге мүдделі екенін жеткізді. – Түркістан облысы үлкен инвестициялық, сондай-ақ туристік әлеуетке ...

Читать далее »

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысында 2023 жылы 33 мектептің құрылысын жүргізуге түрлі қаржыландыру көздерінен 23,6 млрд. теңге қаржы қаралды. Биыл 20 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде 6 мектепті 1 қыркүйекте ел игілігіне ұсыну көзделіп отыр. Аталған мәселе облыс әкімі аппаратының апталық отырысында талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс жұмыстарын қатаң бақылауға алып, уақтылы аяқталуын қадағалауды тапсырды. Сонымен бірге мектептердегі күрделі және ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 200-ДЕН АСТАМ ДӘРІГЕР ТАПШЫ

Түркістан облысында дәрігер мамандар тапшы. Әсіресе өңірде бейінді мамандар арасында 258 маман, анестезиолог-реаниматолог, офтольмолог, лор, кардиохирург, травматолог, кардиолог, неврпатолог, нефролог, онколог, патологоанатом, радиолог, неонатолог, жедел жәрдем дәрігері секілді кадрлар жетіспейді. Тапшылықты жою мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар мен ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» ұлттық жобасының орындалуы туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат ...

Читать далее »

“АЗИЯ ДАУЫСЫ”-2024 “МЕДЕУДЕ” КҮТЕДІ

Алматыдағы «Медеу» биік тау мұз айдынында қайта жанданған «Азия дауысы» халықаралық заманауи музыка фестивалі аяқталды! Ол қазақ және әлем музыкасының аңыздарына және 19 жыл бұрынғы фестиваль қандай болғанын еске алуға арналды. Үшінші фестиваль күнінің басты идеясы «Ұрпақтар сабақтастығы» болды. Өйткені, бүгінде «Азия дауысы» алдына тек музыка майталмандарының буынын ғана емес, бір кездері өнер жолын осы байқаудан бастағандарды біріктіру міндетін қойып ...

Читать далее »

ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР ТӘУЛІГІНЕ 200 БАНКА КӨКӨНІС КОНСЕРВІЛЕП, САТЫЛЫМҒА ШЫҒАРАДЫ

Түлкібас ауданындағы Жаскешу ауылының тұрғыны Қатира Алдабергенова қайтарымсыз грант аясында консервалық өнімдерді шығару кәсібін қолға алған. Бүгінде өндіріс орнында жалпы саны бес адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тәулігіне 200 банка консервіленген өнімді сатылымға шығарып отыр. Кәсіпкердің айтуынша, ол ауданда өсетін көкөністер мен жеміс-жидектердің пісу уақытына қарай консервының барлық түрін дайындайды. Өндіріс орнында тәтті тосаптар мен қатар тұздалған қияр консервісіне дейін дайындалады. ...

Читать далее »

“АЗИЯ ДАУЫСЫНДА” – “BLACK EYED PEAS

Алматыдағы Медеу мұз айдынында Black Eyed Peas тобының мега–жұлдыздары “Азия дауысы-2023″ фестивалін дүркіретті. Фестиваль тарихында алғаш рет шақырылған әлем жұлдыздарының толыққанды жеке концерті өтті. Ол zakazbiletov.kz жобасының директоры Сәбит Сүлейменовтың арқасында мүмкін болды. Неліктен Black Eyed Peas? Олар Қазақстанға қалайша келді? Сәбит Сүлейменовтың айтуынша, Black Eyed Peas тобы қазір Еуропадағы гастрольде жүр. Егер олар Америкада болғандаалып келу қиынға соғар еді. Азия дауысының уақытындаолар бос болды. Алматыға Венгриядан ұшып келді, енді Испанияға ұшып кетеді.   Қазіргі уақытта Black Eyed Peas тобы “Where is the Love?” хитінің 20 жылдығы және осы аттас тоғызыншы альбомның шығуына орай Elevation әлемдік турнесін өткізуде. Біргеатап өту үшін тірі аңыз will.i.am топқа қайта қосылды. Ал J. Rey Soul Фергиді сәтті алмастырды. Кешегі концертте кішігірім оқиға болды – Дағыстаннан келген топтың жанкүйері сахнаға плакат ұстатып кіріп, музыканттар күзетшіге оны өткізуге рұқсат берді. Тіпті онымен бірге әннің бір бөлігін орындады. Оныңқуанышында шек болмады! Стадион бақытты адам мен will.i.am әрекетін қатты қолдады. Бұл қазірдің өзінде жанданған «Азия дауысы» туризмнің дамуына мықты әсер беруде. Себебі Қазақстанның әр қалаларынан және Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты бірнеше елден жанкүйерлер Алматыға тек Black Eyed Peas үшін келді. Алматы бұрын–соңды мұндай керемет шоуды көрген емес: Black Eyed Peas 2000-шы жылдардағы хиттерін орындағанкезде көрермендер түгел секіріп билеп кетті. Бұл салтанатты кеш өте жақсы аяқталды. «Харекет» қоғамдық қоры «Азия дауысы» сахнасындақазақстандықтардың ақшасына сатып алынған пәтердіңкілтін мұқтаж отбасына табыс етті! «Харекет» қоры 2017 жылы «1000 ТЕҢГЕГЕ БАСПАНА» жобасы аясындақұрылған еді. Мұқтаж жандарға көмектесу үшін әркім барболғаны мың теңге бере алады. Осылайша көмекке қажеттісома жиналады. Құрылғалы бері қор отбасыларға 650-денастам үй сатып алса, кеше Айгүл Сарыбаеваның отбасыкілтін алды. Шаңырақтары бақытқа толы болсын! «Азиядауысы» әнмен ғана емес, игі істермен де біріктіреді! Бүгін, фестивальдің соңғы күнінде біз Аңыздарды ескеаламыз! Баршаңызды Медеуде күтеміз! Фестиваль демеушілік пен ақпараттық қолдаудыңарқасында мүмкін болғанын еске саламыз! «Азия дауысы – 2023» фестивалінің бас серіктесі және тең ұйымдастырушысы – Halyk Bank. Оның сыйлықтары күнсайын Медеудегі іс–шаралар кезінде ойнатылады және оған барлығы қатыса алады! 30 шілдеде өтетін концертке билет сатып алғандарфестивальдің тағы бір демеушісі – Allur Auto ұсынғанChevrolet Onix автокөлігін ұтып алу мүмкіндігіне ие болды. Алматы қаласының әкімдігі көрермендердің Медеуге оңай жетіп, қалаға жылдам оралуын қамтамасыз етті. Фестиваль кезінде қосымша автобус бағыты іске қосылды. Сәтбаев пен Байтұрсынов қиылысынан автобустар ...

Читать далее »

“МЕДЕУДЕ” “АЗИЯ ДАУЫСЫ” БАСТАЛДЫ

Алматыда «Медеу» биік тау мұз айдынында 19 жылдық үзілістен кейін «Азия дауысы» халықаралық заманауи музыка фестивалі қайта өтуде!   Дрон шоуымен аяқталған бірінші күн қызыл кілемнен басталған еді. Ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қатысып, «Азия дауысы» бұдан былай жыл сайынғы фестивальге айналып, келесі жылдан бастап дәстүрлі түрде – халықаралық ән байқауымен өтетінін айтты. «Түркі елдерінің мәдениет министрлері ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНҒА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

Бүгін Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде өңірлік ғылымды дамыту мақсатында дөңгелек үстел өтті. Кездесуге ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының делегациясының мүшесі, «Ғылым» департаментінің директоры Руслан Нұрлыбаев, «Білім және азаматтық қоғам» басқармасының басшысы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Бекбол Рамазан, «Агробиоресурстар және экология» басқармасының басшысы Қуантар Алиханов, Баспасөз хатшысы Арман Құдайберген және облыс әкімдігінің басқарма басшылары мен БАҚ ...

Читать далее »