Жарияланды: 02.04.2025

«Египетке жұмысқа орналастырып беремін» деп алаяқтық жолмен 1 миллионнан астам шығын келтірген күдікті ұсталды

фото ТОПД

 
Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен 30 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.
 
Күдікті ер адам өзінің танысын «жұмысқа орналастырып беремін» деген желеумен сеніміне кірген. Одан жалпы сомасы 100 мың теңгеге жуық қаржысын алып, байланысқа шықпай, ізін суытқан.
 
Тәртіп сақшылары бұдан бөлек оның осы алаяқтыққа қатысты тағы 7 жайтын анықтады. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеге жуық. Ол жәбірленушілерден алған ірі көлемдегі ақшаны бас пайдасына жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті.
93 қаралым