Месячные архивы: Май 2021

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА АФРИКА ЖАЙЫНЫ ӨСІРІЛУДЕ

  Келестік кәсіпорын балықтың жаңа түрін өсіруді қолға алды. Жыл он екі ай аптапта тіршілік етуге бейімделген «Африка жайынын» өсірген жеке кәсіпкер жылына 160 тонна жаңа балық тұқымын алуды көздейді. Келес ауданының Қошқарата ауылдық округіндегі «Бижігіт-Ата» ЖШС-і Ақ амур, күміс сазан, көксерке балық түрлерінің әрқайсысынан жылына 10 тонна өнім алады.   Уылдырықтарды қолдан ұрықтандыру, балық өсіру және балық етін өңдеумен ...

Читать далее »

Текеліде ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік мол

Алматы облысына қарасты Текелі қаласы – өнеркәсіптік моноқалалардың бірі. Табиғаты туризмге сұранып тұрған шап-шағын қаланың тұрмыс тіршілігімен БАҚ өкілдерін таныстыру үшін Алматы облысы “Jetisu Media” пресс тур ұйымдастырған еді. Шара барысында Қала әкімі Батыр Молдахметов мырзамен кездестік. Әкімнің айтуынша, Текеліде өнеркәсіптік өндірісті дамыту бойынша бірнеше мәселе бар: «Мұның себебі: өндірістік аймақта бос жерлердің болмауы, өндірістің маусымдылығы және жабдықтардың тозуы. Осыған ...

Читать далее »

2021 ЖЫЛ – ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗ ТУРИЗМ ЖЫЛЫ

Әлем бойынша қауіпсіз туризм сертификациялау бағдарламасын іске қосқан Түркия 2021 жылдың жаз маусымына дайын. 2020 жылдың маусымында беріле бастаған Қауіпсіз туризм сертификаты – туристер Түркияға әуежайдан түскен бойда көлікке отыру, діттеген жеріне жету, қонақүйлер мен мейрамханалар және таңдаған демалыс орнында тынығу барысын түгел қамтитын, адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін халықаралық деңгейде қамтамасыз ететін құжат. Бүгінде аталған Сертификат Түркиядағы 9800 нысан мен ...

Читать далее »

TURKISH AIRLINES ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ ТҮРКІСТАН- ЫСТАМБҰЛ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ҰША БАСТАДЫ

    Turkish Airlines түрік әуе компаниясы Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласынан Ыстамбұлға жаңа халықаралық тұрақты рейсті іске қосты. Билет құны 119 500 теңгеден басталады. Түркістан және Ыстамбұл қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай кезең-кезеңімен ұлғая отырып, аптасына 1 рейс жиілігімен (сенбі) Б-737 типті әуе кемесінде орындалатын болады. Азаматтық авиация комитеті мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму ...

Читать далее »

Түркістан қаласында жер кезегінде тұрған азаматтарға жер телімін беру мәселесі шешілуде

«Жер қатынастары» бөлімінің тікелей эфирде өткен тоқсандық есеп беру барысында айтылған Нариман Қасымбековтың баяндамасына сәйкес, Түркістан қаласының жер кезегінде 34 886 азамат кезекте тұр. Қазіргі таңда бөлімде кезектілік базасы енгізіліп, оның ішінде 1600 азаматтың аты-жөндері қайталанып, қайтыс болған және өтініш білдірген азаматтардың мүлкі бар болуына байланысты комиссия құрылып, кезектілік базасынан алып тастау жұмыстары ұйымдастырылуда. Одан өзге, жер учаскелерін дайындау бойынша ...

Читать далее »

Halyk bank апта сайын 7 пәтерді ұтысқа шығарады

Клиенттердің өтініші бойынша Halyk Bank тағы да Алматыдағы “Хан-Тәңірі” тұрғын үй кешеніндегі жаңа пәтерлерді ұтысқа қосты. Банк клиенттері, яғни ұтыс ойынына қатысушылар атаулы тұрғын үй кешеніндегі жеті жаңа пәтердің бірін ұтып алу мүмкіндігіне ие болды. Ұтыс ойыны 2021 жылғы 11 мамырдан бастап 20 желтоқсанға дейін өткізіледі. – Былтыр ұйымдастырған науқан клиенттеріміздің көңілінен шықты. Ұтыс ойынды бір уақытта миллиондаған көрермен көріп, ...

Читать далее »

Halyk Bank – Қазақстандағы бизнеске арналған мобильді банктер рейтингінің үздігі

SME Banking Club 2021 Digital Forum-да ТМД және Кавказ елдеріндегі бизнеске арналған мобильді және интернет-банк – Mobile Business Banking 2021 және Business Online Banking 2021 бойынша зерттеу нәтижесін таныстырды. Halyk Bank Қазақстандағы бизнеске арналған мобильді банктер рейтингінде үздік атанып, сондай-ақ ТМД және Кавказ елдеріндегі ТОП-20 үздік мобильді банк қатарына енді. Зерттеу нәтижелері өңірдегі бизнеске арналған мобильді және интернет-банктердің функционалын, ШОБ клиенттері үшін маңыздылығы мен қажеттілігін ескерді. Атап айтқанда, сарапшылар әр елдің үздіктерін анықтады ...

Читать далее »

Майдангерлерге құрмет көрсетті

9- мамыр «Жеңіс күніне» екінші дүниежүзілік соғыста теңестірілген фашистік Гетто концлагерінің бұрынғы тұтқыны Репина Ирина және Ленинград блокадасының тұрғыны Шаламберидзе Людмила ардагерлерді қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының бас дәрігері Құрманбекова Гүлнәр арнайы шаңырағына барып, сый-сияпат жасады. Қос қартты құттықтап барған Гүлнәр Мамытқызы бейбіт өмірді сыйлаған ардагерлерге жылы лебізін білдірді. 1941 жылы Ресейдің сол кездегі Ленинград қаласы қоршауға алынғанда Ирина ...

Читать далее »

Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына заманауи жабдықтар сыйға берілді

Halyk Bank және AYALA қоры Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына заманауи реанимациялық жабдықтардың 18 бірлігін, оның ішінде дене салмағы өте төмен нәрестелердің қарқынды терапиясына арналған 2 инкубаторды, 5 реанимациялық үстелді, 6 фототерапия шамын және 5 жоғары дәлдікті медициналық таразы берді. «Бұл өте маңызды қайырымдылық жоба, себебі әңгімебіздің еліміздің болашақ ұрпағы – сәбилердің, жаңа туған қазақстандықтардың денсаулығы туралы болып отыр. Сондықтан Банк түрлі әлеуметтік маңызды жобалар бойынша біздің бұрыннан келе жатқан серіктесіміз AYALA қорының бастамасын қолдады. Осы жабдықтар мен жан-жақты қолдаудың арқасында Орталық мамандары балаларға уақытылы білікті көмек көрсетіп, дүниеге жаңа келген сәбилерге өмірлік жолдама беретініне сенімдіміз» – деді Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев. Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы – еліміздегі ең ірі перзентхана. Жыл сайын мұнда 8-8,5 мың әйел босанады, оның 12 пайызы – мерзімінен бұрын босанатындар. «Біздің орталық 2011 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істей бастады. Бірақ 10 жыл ішінде медициналық жабдықтар моральдық жағынан ескірген, сондықтан үнемі қымбат жөндеуді талап етіп, жиі істен шығады. Бізде орнатылған көптеген модель өндірістен алынып тасталды, бұл жиынтықтарды сатып алуды қиындатады. Әсіресе, құрал-жабдықтардың тапшылығы неонаталдық қызмет бөлімшелерінде өте өзекті. Енді Halyk Bank пен AYALA қорының қолдауыныңарқасында неонатология бөлімшесінің барлық қажеттіліктері қанағаттандырылды. Дәрігерлердің, ірі бизнес пен қордың біріккен қамқорлығы жаңа туған нәрестелердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі», – деп атап өтті Алматы қаласы Перинатологияжәне балалар кардиохирургиясы орталығы директорының орынбасары Светлана Александровна Лисогор. Берілген жабдықтың жалпы құны 27 003 750 теңгені болған. Қарқынды терапияға арналған инкубатор жылудың реттелуі жаңа туған нәрестелердің дене температурасын, қажетті ылғалдылықты және оттегінің деңгейін бір қалыпты ұстайды. Ашық реанимациялық жүйе шала туған балаларды емдеу үшін оңтайлы микроклиматтық жағдайларды ұстап тұруүшін арнайы құрылған. Әдетте олар шала туады (салмағы өте аз) және нәрестелерге терідегі ұсақ тесіктер арқылы буланып кететін ылғалды жоғалтпай ұстауы керек. Дененің қалыпты температурасы 37,5С аспауы, ал іш температурасы 36,2 – 36,5С шегінде болуы тиіс. Ашық реанимациялық жүйеде осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін керуеттің, ауаның температурасының жайлы деңгейі мен сәулелі жылу берудің қуаты белгіленеді. Фототерапия шамы жаңа туған нәрестелерді емдеуге көмектеседі. Сәби терісінің сарғаюы – бұл орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануына әсер ететін уытты билирубин деңгейінің ұлғаюы. Әсіресе ол шала туған балалардың арасында жиі кездеседі. Қандағы уытты билирубиннің жоғары деңгейі дамудағы кідірістерді, атетоидты церебралды сал ауруын, ішінара немесе толық сал ауруын, құрысуды, есту проблемаларын қоса алғанда, баланың бас миының қайтымсыз зақымдануына себеп болуы мүмкін.

Читать далее »

Трансформер жиһаздар жасайды

Шымкент қаласының тұрғыны Асқар Амантай «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсынан өтіп, жеке кәсібін ашты. 26 жастағы Асқар Ерманұлы металл емес материалдарды лазерлік кесу мен ою аппаратын сатып алып, цех ашқан. Қолөнер, тігін, жарнама, жиһаз саласының мамандарына, гүл сататын және діни дүкендерге өз қызметін көрсетіп келеді. Қазіргі таңда жиналмалы (трансформер) жер үстелді жасауды қолға алған. Оюмен өрнектеліп ...

Читать далее »