Шымкент қаласында құрылыс материалдарын шығаратын 215 ірі, орта және шағын кәсіпорын бар. Осы жылдың 6 айында олармен 34,2 млрд теңгенің құрылыс материалдары өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 4,5 пайызға артқан. Қаланың жалпы өнеркәсібінде өндірілген өнім көлеміндегі құрылыс материалдары өндірісінің үлесі 13,2%-ды құрады. Ал құрылыс материалдарының отандық өндірісін дамыту мақсатында қалада 2020-2021 жылдар аралығында 9 инвестициялық ...
Читать далее »Месячные архивы: Июль 2020
Инфрақұрылымды дамытуға жіті көңіл бөлініп келеді
Шымкент қаласының аумағы кеңейіп, 41 елдімекен қосылғалы бері алып қаланың инфрақұрылымын дамытуға жіті көңіл бөлініп келеді. Қазіргі таңда Шымкентте 53 шағынаудан шалғайда орналасқан. Бүгінде бұл аймақтарда инфрақұрылым тарту жұмыстары қарқынды жүруде. Тұран, Батыс, Ынтымақ-2, Жаңатұрлан, Асар-2 шағынаудандарын сапалы ауызсумен қамту бойынша бюджеттен 5 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлініп, тиісті жұмыс атқарылуда. Нәтижесінде жыл соңына дейін Игілік, Қызылжар, Тәуелсіздікке-20 жыл, Көкбұлақ, ...
Читать далее »Құрылыс компаниялары өз жұмыстарын мерзіміне сай жүргізуде
Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының мәліметінше, қаладағы жол құрылысында жалпы 55 ірі мердігер мекеме жұмыс істейді. Онда 10 мың адам жұмыспен қамтылған. Жол құрылысы сапасына мән беру басты талаптың бірі. Мердігер тарапынан бес түрлі қадағалау мамандары бар. Былтыр арнайы жол сапасын бақылайтын республикалық мемлекеттік мекеме ашылып, жұмысын бастады. Онда білікті мамандар жол сапасын арнайы зертханаларда тексеріп, ...
Читать далее »Ұсыныс айтылды
Мемлекетіміздің әрбір азаматы — ұлттық құндылық, әрбір жас өрен — еліміздің ертеңі екенін ескерсек, мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау, даму мүмкіндігін және оның қоғамға әлеуметтенуіне толыққанды жағдай туғызу біздің міндетіміз. Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы білім беру сапасын арттыру, отбасы және балалық институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру бағытында бүгінде ауқымды ...
Читать далее »Жобалық білім беру тәсілдерін қолданатын болады
Жуырда Шымкент қаласындағы колледждерде сабақ беретін 36 оқытушы «Кәсіпкерлік негіздері» пәні бойынша практикалық оқу іс-тәжірибесінен өтіп, арнайы сертификаттар алды. 80 адамемиялық сағатқа созылған курс барысында бизнес-үйретушілер заманауи оқу әдістемесі арқылы қашықтан білім берді. Тренингтің әр тақырыбында түрлі іскерлік ойындар өткізілді. —Курс кезінде бизнес-кейстер пайдаландық, бағдарламаға сәйкес ойындар ойнатып, топтық жұмыстар жүргіздік, соңында қатысушылар бизнес-жобаларын қорғады. Жеке сабақтарда оқытушылар дайындау бойынша ...
Читать далее »Каналдардың көмегі көп
Шымкентте агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында барлығы 3 288,8 млн теңге бөлініп, оның 2285,7 млн теңгесі 8 бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге таратылды. Бағдарлама бойынша 30 жобаның тізбесі жасалып, 5 жоба «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы несие алды. Мәселен, аталмыш бағдарламамен «Alt company invest» ЖШС 4 га өнеркәсіптік жылыжайға 950 млн теңге инвестиция тартты. Суармалы ...
Читать далее »Итальяндық технология бойынша жұмыс істейді
Шымкентте таза былғарыдан аяқ киім шығаратын «СП «LuxShoes» ЖШС-і бар. Мұндағы өнімдер итальяндық технология бойынша заманауи түрік жабдықтарында шығарылады. Тауарларын жергілікті нарыққа шығаратын кәсіпорын жылына 120 мың жұп аяқ-киім шығаруға қауқарлы. Аталған аймақта бүгінгі таңда құны 29,9 млрд. теңгені құрайтын 16 жоба жүзеге асырылған. Нәтижесінде 1 630 жаңа жұмыс орындары құрылған. Оның ішінде 2020 жылдың ақпан айында «СП «Lux Shoes» ...
Читать далее »Жылыжайға – инвестиция…
Ауыл шаруашылығы саласына заманауи агротехнологиялар енгізбей, жетістікке жету өте қиын. Жаңа технологиямен 25 га қарқынды бау және 5,5 га жүзімдік егілді. 2015-2019 жылдар аралығында қарқынды бау көлемі 275,54 га жеткізілді. Былтыр Шымкент қаласындағы ЖК «Шарипов» фирмасы 2 гектар жерге өнеркәсіптік жылыжай салды. Жылына 600 тонна көкөніс өндіруді жоспарлап отыр. Жобаға жұмсалған қаражат 600 млн теңгені құрады. Бұдан бөлек, «Оңтүстік FOOD» ...
Читать далее »Сапалы білімнің арқасында жетістікке жетті
Іргесі сонау 1971 жылы қаланған Шымкенттегі Жол-көлік колледжі қабырғасында білім нәрімен сусындап, белгілі бір мамандықтың тізгінін иеленген түлектеріміз аз емес. Олар — өмір көшінен қалыспай егемен еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып, білікті маман иесі болумен қатар колледжіміздің мақтан тұтар азаматтары. Сол бір кезеңнен бастау алып, бүгінгі күнге дейін жаңашыл ойлайтын, білімді, жігерлі, жалынды жастар қатары көбейіп келеді. Мұның барлығы да ...
Читать далее »Өндірістер құрылатын болады
Шымкент қаласында агроөнеркәсіп, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, жиһаз бен үй тауарлары өндірістері құрылатын болады. Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерден құны 87,8 млрд теңге болатын 92 жоба бойынша ұсыныс түскен. Оның ішінде 60-қа жуық жоба мақұлданып, бүгінгі күнге 7,6 млрд теңгеге 37 жоба қаржыландырылды. Бұл жөнінде кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мамандары мәлімдеді. Сонымен қатар, жыл соңына дейін қосымша 23,3 млрд теңгеге 22 ...
Читать далее »