Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының мәліметінше, қаладағы жол құрылысында жалпы 55 ірі мердігер мекеме жұмыс істейді. Онда 10 мың адам жұмыспен қамтылған.
Жол құрылысы сапасына мән беру басты талаптың бірі. Мердігер тарапынан бес түрлі қадағалау мамандары бар. Былтыр арнайы жол сапасын бақылайтын республикалық мемлекеттік мекеме ашылып, жұмысын бастады. Онда білікті мамандар жол сапасын арнайы зертханаларда тексеріп, қорытындысын шығарады. Жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін мердігер мекеме тарапынан үш жылға кепілдік мерзімі беріледі. «Жалпы қаладағы жол құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда. Әрбір мердігер мекеменің өзіндік межелеген жоспары бар. Сол себепті карантин жағдайында да қалада құрылыс жұмыстары тоқтамайды. Бүгінгі күні құрылыс сапасына қатты назар аударып жатырмыз. Әр нысан басында арнайы техникалық қадағалаушы мамандар жүр. Қабылдау комиссиясына да білікті мамандарды тартылуда. Шыны керек, жол құрылысы саласында әлі де мамандар жетіспейді. Механизатор, жүк көлігін айдаушылар, әлі де көптеп керек. «Жол картасы» бағдарламасы аясында қосымша 1700 адамды жұмысқа тарту көзделіп отыр», — дейді басқарма басшысының орынбасары.
Шымкент қаласында жол құрылысы жұмыстары карантинге байланысты тоқтамайды. Барлық сақтық шараларын орындай отырып, құрылыс компаниялары өз жұмыстарын мерзіміне сай жүргізуде.
Шымкент келбеті