Месячные архивы: Февраль 2020

Шымкентте сенбілік өтті

  Бүгін Шымкентте қала әкімінің бастамасымен жалпыхалықтық сенбілік өтті. Тазалық шарасына Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер, ЖОО-ның студенттері және еріктілер қатысты. Сенбілік барысында Назарбаев даңғылы мен Арғынбеков, Жангелдин көшелеріне, №1 автожолдың оң және сол жақ беттеріне 1 мың данадан, сондай-ақ, Қошқар ата өзені мен Дендросаябаққа 500 данадан, жалпы саны 5 500 дана ағаш көшеті отырғызылды. #Шымкенттің 50 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «АЛҒЫС АЙТУ» КҮНІНЕ ОРАЙ ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

  Шымкентте 40 шақты тұрмысы төмен отбасыға азық-түлік пен киім-кешектер тегін таратылды. Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған бұл шараны «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы мен Дүниежүзілік мұсылмандар қайырымдылық қоры және Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері мен демеушілер қолға алды. Ұйымдастырушылар көмек алуға келген тұрғындарды алда келе жатқан Алғыс айту күнімен құттықтап, мерекеге арнайы жасалған азық-түліктер жиынтығынан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «ТМД-НЫҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЖЫЛЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙДА ӨТЕДІ?

  «Тәуелсіз мемлекеттер достастығының астанасы» статусын ресми тапсыру салтанаты және ашылу рәсімі, ТМД елдері өнер шеберлері мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік Гала-концерті 20 наурыз күні Қажымұқан атындағы орталық стадионында өткізу көзделуде. Салтанатты іс-шараның концерттік бағдарламасына 800-ге жуық Шымкент қаласының өнерпаздары мен ТМД елдерінен 200 өнерпаз қатысатын болады. Ашылу салтанатына 18 мыңнан астам қала тұрғындары мен ТМД-ның және республиканың мәртебелі қонақтары ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 300 ЕРІКТІ АРНАЙЫ ОҚУ КУРСТАРЫНАН ӨТЕДІ

  Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы аталуы биылғы жылдың басты жаңалығы. Жылдың басты оқиғасына баланған шара шеңберінде қалада халықаралық 34 іс-шара ұйымдастырылмақ. Осы орайда шетелдік қонақтармен тікелей жұмыс жасайтын еріктілердің кәсіби даярлығы ерекше маңызға ие. «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» шарасына волонтерларды даярлау мақсатында «Қазақстан волонтерлар лигасы» қоғамдық қоры мен Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і арасында ынтымақтастық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: МӘМС БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Үшінші мегаполисте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша өңірлік штабтың отырысы өтті. Жиынға қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев, қалалық әкімдік басқармаларының басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиында аймақтық штаб мүшелері жыл басынан бері жаңа жүйе бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Сондай-ақ, сақтандыру жүйесі аясында ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБІНІҢ СЕМИНАРЫ ӨТУДЕ

  Шымкентте «Nur Otan» партиясы Саяси менеджмент мектебінің семинар тренингі басталды. «Саяси коммуникациялар» тақырыбындағы семинарға бастауыш партия ұйымы жетекшілері, белсенді мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары қатысуда. Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облысынан да жалпы 100-ге жуық адам жиналған. Саяси менеджмент мектебінің директоры Шыңғыс Нұрланұлының айтуынша, биыл еліміз бойынша 1700 белсенді азаматты оқыту жоспарланып отыр. Негізгі мақсат – көпшіліктің алдында дұрыс сөйлеу, партиялық ...

Читать далее »

Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Шымкент шаһарына келді

«Nur Otan» партиясы басшылығының аймақтарға сапары осы аптада еліміздің Оңтүстік өңірлерінде жалғасты. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек алдымен Шымкентке ат басын тіреп, қаладағы бірқатар проблемалық нысандарды аралады. Сондай-ақ бүгін кезектен тыс конференцияда қала әкімі Мұрат Әйтенов қалалық филиал төрағасы болып сайланды. Ол жұмыс сапарын қала әкімімен бірге Шымкенттің Абай ауданындағы М. Водопьянов көшесінің өткен жылы үйлері өртенген тұрғындарымен кездесуден бастады. Бұл проблемалық нысан ...

Читать далее »

Шымкент қаласындағы мектептерде медициналық кабинеттер жаңартылуда

Шымкентте МӘМС жүйесі бойынша мектеп қабырғасында балаларға көрсетілетін медициналық көмекті БАҚ-на таныстыру үшін пресс-тур өтті. Шара барасында тілшілер №65 мектеп қабырғасындағы медициналық пунктің жағдайымен танысты. Атап айтқанда, журналистер қабылдау бөлімі мен ем-шара кабинетінің жұмысын көріп шықты. Мектептегі медициналық кабинеттерде алғашқы медициналық көмек және профилактикалық қызметтер көрсетіледі. Мұндағы медицина мамандары автоматандырылған басқару жүйесі арқылы жұмыс істейді. Бірыңғай жүйе арқылы мектептегі медицина ...

Читать далее »

Шымкент: «ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылына орай 34 іс-шара өтеді

  Мұрат ӘЙТЕНОВ: «Қаланың жоспары айқын, мақсаты биік». Республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат берген Шымкент қаласының әкімі жоспарларымен бөлісті. – Мұрат Дүйсенбекұлы, биылғы жыл – шымкенттіктер үшін ерекше жыл. Өйткені Шымкент шаһары 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып жарияланды. Шын мәнінде, бұған қуанып жатқандар аз емес. Осы атаулы жылға байланысты үшінші мегаполисте қандай іс-шаралар ұйымдастырылмақ? Алғашқы сауалды осыдан бастасақ. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ «ТҰРАН» ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

  Таяуда өткен қала әкімінің есебінде бірқатар шағынаудан тұрғындары инфрақұрылым мәселелері жөнінде шағымдарын жеткізген еді. Сол шағымдар бойынша бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов «Тұран» және «Тассай» шағынауданы тұрғындарымен кездесті. Мұрат Дүйсенбекұлы алдымен «Тұран» шағынауданындағы инфрақұрылым жүйелерімен танысты. Онда тұрғындарды газ, су, жарық жүйелері құрылысы алаңдатады. Қала әкімі бұл жұмыстардың бәрі жоспар бойынша жүргізіліп жатқанын айтты. – Мәселелеріңіз уақыт сәтімен шешіледі. ...

Читать далее »