Месячные архивы: Февраль 2020

Шымкентте биыл 5 каналға жөндеу жұмыстары жүргізіледі

  2019 жылғы жоспарға сәйкес Шымкентте 82,1 шақырым каналдар механикалық тазалаудан өткізілді. Сонымен қатар, 5 каналға күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтуге жолданды.Одан бөлек, қосымша 5 каналдың күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттамалар дайындалуда. Ал, «Жаңа Оңжағалау Сайрамсу» каналының 150 метр жері бетонмен қапталды. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, каналдарда ағын суды жеткізу 80-85%-ға артты.

Читать далее »

90 мың дана лигуструм бұтақшалары отырғызылады

Шуақты өлке Шымкент гүл жайнаған қалаға айналады. ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесін иемденген шаһар қонақтарды алқызыл әсем гүлдермен қарсы алмақ. Көктем маусымында ең алғаш гүлдеп, қалаға ерекше сән беретін қызғалдақтың 1 миллион 300 мың түбі егілді. Шымкенттің символы болып табылатын қызғалдақтың басым көпшілігі голландық сұрыптағы сары, қызыл, көк, қызғылт және күлгін түсті. Қызғалдақ гүлдерінің гүлдеу маусымы аяқталғаннан кейін, олардың орнына ...

Читать далее »

Білім беру саласы автоматтандырылып жатыр

  Елдің ертеңгі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны, әлемдік озық ой-пікірлермен ұштастырған сапалы білім мен саналы тәрбие беру қажет. Бұл бағытта Жетісай аудандық білім бөлімінде атқарылып отырған игілікті істер аз емес. Негізгі мақсаты – білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыта отырып, білімді ...

Читать далее »

Су тасқынының алдын алу жәйі пысықталды

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов аудан аумағында көктемгі жауын-шашын салдарынан болуы мүмкін су тасқынын алдын алу, сондай-ақ кенеттен болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған қызметтердің дайындық денгейін арттыру мақсатында күш құралдар мен техникалардың дайындығымен танысты. Аталған іс-шарада Әл-Фараби аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-нің және аудан әкімі апаратына қарасты мердігер мекемелердің құралдары және техникаларының су тасқынының алдын алу жұмыстарына толық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «Otustik Startup-2020» үздіктері анықталды

  Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен «Ontustik Startup-2020» үздік жобалар конкурсы аяқталды. Байқауға 2 ай ішінде мектеп оқушыларынан 30-ға жуық жоба қабылданып, оның 10-ы финалдық турға жолдама алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, үздік жобалар туризм, IT, Ғылым және техника, әлеуметтік жобалар, Агро-бизнес бағыттары бойынша ұсынылған. Әділ қазылар алқасының шешімімен Ендібаева Аружан мен Елшібай Алияның «Бие сүтінен балмұздақ жасау» жобасы ...

Читать далее »

Шымкент гүл жайнаған қалаға айналады

Шымкент қаласы биыл гүл жайнаған қалаға айналады. Шуақты өлкенің жасыл желегі бұрынғысынан да көркейіп, жайқала түспек. ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесін иемденген шаһар қонақтарды қала көркін келтіруші әсем гүлдермен қарсы алмақ. Көктем маусымында ең алғаш гүлдеп, қалаға ерекше көрік және сән беретін 1 миллион 300 мың қызғалдақ гүл егілді. Шымкенттің символы болып табылатын қызғалдақтың басым көпшілігі голландық сұрыптағы сары, қызыл, ...

Читать далее »

Азаматтарды ашық, әрі кедергісіз қабылдау офисі ашылды

Мемлекет басшысының халықпен тиімді кері байланыс орнату, Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару тапсырмасына орай, аудан әкімі аппаратының бірінші қабатынан Open Spase жобасы аясында азаматтарды ашық, әрі кедергісіз қабылдау офисі ашылды. Аталған офисте қабылдауға келген тұрғындарға және көпбалалы аналардың балаларына арнайы бұрыш қарастырылып, ыңғайлы жағдайлар жасалып отыр. Офистің басты қызметі аудан әкімі, орынбасарлары және аппарат басшысының күнделікті азаматтарға ...

Читать далее »

Сайрам ауданында сүт зауыты іске қосылды

  Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Сайрам ауданына келді. Облыс басшысы әуелі Сайрам ауданынан өтетін облыстық маңызы бар КХ-97 «Ақсу – Шымкент» автомобиль жолының қайта құру жұмыстарымен танысты. Содан кейін аудан әкімі Ұласбек Сәдібековпен бірге «Қамқорлық» аймақтық бағдарламасы аясында көмек алған Қарасу ауылдық округінің тұрғынының шаңырағына барып, отбасының бүгінгі тұрмыс-тіршілігін көрді. Бұдан кейін Өмірзақ Естайұлы Сайрам ауданынан өтетін ...

Читать далее »

Шымкентте Қазақстан Халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті

  Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде қала әкімі, қалалық ҚХА төрағасы М.Д.Әйтеновтің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Отырыста қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында бірлесе атқаратын жұмыс бағыттары айқындалып, ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай әзірленген қалалық кешенді іс-шаралар жоспары пысықталды. Сонымен қатар, Әл-Фараби мен Абайдың рухани мұралары ассамблеяның «Қазақтану» жобасы аясында насихатталуы мен «Шымкент – ...

Читать далее »

Шымкент: өнеркәсіпте өрлеу бар

Шымкентте жылдан жылға өнеркәсіптің өрлеуі байқалып келеді. Атап айтар болсақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 562,3 млрд. теңгені құрап, 2018 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға артқан. Өнеркәсіп саласында үлесі 85,7 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 481,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 13,9 пайызға артты. 2018 жылмен салыстырғанда есепті жылы өңдеу өнеркәсібіндегі бірқатар салаларда өсім байқалады. Атап айтқанда, мұнай ...

Читать далее »