Жарияланды: 08.02.2020

Азаматтарды ашық, әрі кедергісіз қабылдау офисі ашылды

Мемлекет басшысының халықпен тиімді кері байланыс орнату, Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару тапсырмасына орай, аудан әкімі аппаратының бірінші қабатынан Open Spase жобасы аясында азаматтарды ашық, әрі кедергісіз қабылдау офисі ашылды.

Аталған офисте қабылдауға келген тұрғындарға және көпбалалы аналардың балаларына арнайы бұрыш қарастырылып, ыңғайлы жағдайлар жасалып отыр.
Офистің басты қызметі аудан әкімі, орынбасарлары және аппарат басшысының күнделікті азаматтарға қабылдау жүргізіп, мәселелерін тыңдап, оларды шешу бойынша азаматтармен тиімді кері байланыс орнату болып саналады.

1 109 қаралым