Месячные архивы: Ноябрь 2024

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА БИЫЛ 90 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ МАҚТА ЖИНАЛҒАН

Мақтаарал ауданында 2024 жылдың 10 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 107 млрд теңгені құраған. Оның ішінде, ауыл шаруашылығында — 76,5 млрд теңге, құрылыс саласында — 8 млрд 39 млн теңге, өнеркәсіпте — 10,9 млрд теңге, сауда көлемі — 10,8 млрд теңгені құрады. Бұдан бөлек, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 32,1 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 120,6%-ға орындалған. Бұл жайында ...

Читать далее »

Сотталған үш адам тергеушіден кек алу үшін шабуыл жасаған

Сот үкімімен билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін үш адам сотталды.Құқық қорғау органының тергеушісі мемлекеттік орталық органдардың бірінің лауазымды тұлғалары мен ЖШС басшылығына қатысты жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп, компанияның активтерін бұғаттаған.   Оның қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кек алу мақсатындасотталған үш адам тергеушіге шабуыл жасауды ұйымдастырған. Қылмыстық ниеттерін іске асыру барысында олар жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына барып, үйініңкіреберісінде оған шабуыл жасаған. Сотта мемлекеттік айыптаушы шабуыл жасағандардың кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен шабуылдың ұйымдастырушысы 5 жылға бас бостандығынан айырылып, қалған екі қатысушы сәйкесінше 4 және 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ АСХАНАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

  Түркістан облысында бастауыш сынып оқушылары бір реттік ыстық тамақпен толықтай қамтамасыз етілген. Жалпы 2024 жылы өңірде 220 920 оқушы тегін тамақтануда. Бұл туралы Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Нұрбек Нышанов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді. «Жалпы Түркістан облысы бойынша қадағалауда 1 062 мектеп пен 21 интернат ұйымы бар. Оның 829-ы мектеп асханасымен қамтылса, 37-і буфетпен, 56-ы кейтеринг қызметімен ...

Читать далее »

КЕНТАУДА АУЫЛ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажеттігін айтты. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. Осы ретте Түркістан облысына қарасты, Кентау қаласындағы ауыл округ көшелеріне асфальт төселіп жатыр. Мәселен, Байылдыр ауылындағы 2,3 шақырымды құрайтын айналма жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қала ...

Читать далее »

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады.   Мәселен, полиция күнделікті қызмет атқару барысында кешкі уақытта қала көшелерінің бірінде қарама-қарсы бағытта басқарып келе жатқан «Ваз 2101» маркалы автокөлігін байқап, оны тез арада тоқтатты. Тәртіп сақшылары жүрісі күдік тудырған жүргізушіні тексеру барысында автокөлікті мас күйде басқарғанын анықтады.   Қазіргі таңда масаң күйде ...

Читать далее »

«Даму-Оптима» бағдарламасы аясында кепілдік алуға мүмкіндік бар

Кепілзаты жеткіліксіз кәсіпкерлерге Қордың «Даму-Оптима» бағдарламасы аясында кепілдік алуға мүмкіндік бар. Бағдарлама шарты бойынша ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін несиенің ең жоғары сомасы 30 миллион теңгеге дейін, бизнесі бұрыннан барлар үшін 500 миллион теңгеге дейін. Олар инвестиция, айналым қаражатын толықтыру немесе несие мерзімінен аспайтын мерзімге қайта қаржыландыру үшін Қордың кепілдігімен несие алуға өтінім бере алады. Бұл ретте кепілдік сомасы ісін ...

Читать далее »

Микро, шағын және орта бизнеске арналған мемлекеттік қолдау

«Даму» Қоры ісін жаңа бастаған және бизнесі бұрыннан бар кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Атап айтқанда:  екінші деңгейлі банктер, микроқаржы ұйымдары және лизингтік компаниялар арқылы жеңілдікпен қаржыландырады  несиенің пайызын азайтып, субсидиялайды  кепілмүлік жетпеген жағдайда банк алдында кепілдік береді  арнайы платформада қашықтан оқыту арқылы кәсіпкерлердің білімін ұштайды Мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, бұл аталған қолдау түрлерін пайдалану шарттарын білу үшін «Даму» Қорының өз өңіріңіздегі филиалына ...

Читать далее »

Әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау

Әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау Егер сіз қоғамдық мәселені шешетін немесе оның салдарын жеңілдететін әлеуметтік салада кәсіпкерлікпен айналыссаңыз – жобаңызды дамыту үшін мемлекеттен қолдау ала аласыз. Әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне кірген ШОБ субъектілер «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында «Даму» Қорынан несиесіне субсидия ала алады. Әлеуметтік кәсіпкерлік бағдарламасының шарттары:  Несиенің ең жоғары сомасы: инвестицияға 1,5 млрд теңгеге дейін, АҚТ – 500 млн теңгеге ...

Читать далее »

«Даму» Қоры делдалдармен жұмыс істемейді, сақ болыңыз!

Құрметті кәсіпкерлер! «Даму» Қорының барлық бағдарламалары тегін және мемлекеттік қолдау құралдары үшін комиссия алынбайтынына назар аударамыз «Даму» Қоры сырттағы консультанттармен және делдалдармен жұмыс істемейді Сақ болыңыз Жеңілдікпен несиеге оң шешім шығару, субсидия немесе кепілдік алу, оның ішінде микронесие бойынша ақылы қызметтер жайлы ұсыныстар – алдау және жолдан тайдыру. Бұл кәсіпкерлерді шатастырып, мемлекеттік қолдау шараларына деген елдің сенімін жояды. 1408 нөмірі ...

Читать далее »

1408 бірыңғай байланыс орталығынан «Даму» қоры бағдарламалары туралы ақпарат ала аласыз!

«Даму» қоры бағдарламалары бойынша ақпараттық қолдауды 1408 бірыңғай байланыс орталығынан алуға болады. Байланыс орталығының операторлары субсидиялау, кепілдік беру және несиелеу бағдарламалары бойынша кеңес береді, субсидиялар мен кепілдіктерге өтінім беру механизмін түсіндіреді, сондай-ақ «Даму» Қорының серіктес қаржы ұйымдарында мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаражаттың бар-жоғы туралы ақпарат ұсынады. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қоңыраулар қабылдайды. *** Получите информационную поддержку по ...

Читать далее »