Жарияланды: 24.11.2024

Микро, шағын және орта бизнеске арналған мемлекеттік қолдау

«Даму» Қоры ісін жаңа бастаған және бизнесі бұрыннан бар кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Атап айтқанда:

✔️ екінші деңгейлі банктер, микроқаржы ұйымдары және лизингтік компаниялар арқылы жеңілдікпен қаржыландырады
✔️ несиенің пайызын азайтып, субсидиялайды
✔️ кепілмүлік жетпеген жағдайда банк алдында кепілдік береді
✔️ арнайы платформада қашықтан оқыту арқылы кәсіпкерлердің білімін ұштайды

Мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, бұл аталған қолдау түрлерін пайдалану шарттарын білу үшін «Даму» Қорының өз өңіріңіздегі филиалына келу керек. Қордың филиалдары барлық облыста, ірі қалаларда бар. Клиенттермен жұмыс істейтін арнайы менеджер кәсіпкерлерге Қор қызметі, бағдарламалары жайлы ақпарат беріп, мемлекеттік қолдау түрлері жайлы түсіндіруге дайын.
Өз өңіріңіздегі филиалдың мекенжайын damu.kz сайтымыздың бас бетінен немесе инстаграмдағы актуал бөлімнен таба аласыз. Егер барар жеріңіз тым қашық болып көрінсе 1408 қысқа нөмірі арқылы колл-орталыққа хабарласып та мағлұмат алуға мүмкіндігіңіз бар. Сондай-ақ, damu.kz сайтымызда Қор жайлы, Қор жүзеге асыратын барлық бағдарламалар бар, шарттары толық жазылған. Оқып, өз бетінше танысуға да болады. Немесе Түркістан қ. , Жаңа қала м.ауданы. 28 көш, 5 ғ. мекенжайы бойынша кеңес алуға болады.

***

Государственная поддержка для микро, малого и среднего бизнеса

Фонд «Даму» оказывает поддержку начинающим и действующим предпринимателям в рамках следующих направлений:

✔ льготное кредитование через банки второго уровня, микрокредитные организации и лизинговые компании
✔ субсидирование — снижение ставки вознаграждения по кредитам
✔ гарантирование — предоставление частичной гарантии по кредитам при недостатке залога
✔ обучение моделям построения и ведения бизнеса через дистанционную платформу

Филиалы Фонда «Даму» представлены во всех регионах Казахстана, обратившись в которые, предприниматели могут получить наиболее полную информацию о государственных программах и подобрать необходимый инструмент поддержки для своего бизнес-проекта.
Адреса и контакты региональных филиалов представлены на сайте damu.kz
Колл-центр для справок: 1408 или по адресу г.Туркестан, мкр. Жаңа қала, ул. 28, зд. 5.

57 қаралым