Ымырт үйірілген шақ. Қырман басы әлі де қарбалас. Камаз автомашиналары арпаны бөлек, бидайды бөлек түсіріп жатыр. Бұрынғы кеңес үкіметінен қалған қырман қондырғыларының бірқатары жұмыс істеп тұр, көбісі жаңаланған. Әудем жерді алып жатқан қырман басында қырдай үйілген астықты кептіру, тазалау жұмыстары басталған. Қырман басында еңбектеніп жүрген 6 адам, меңгеруші Мәлік Мастанбековтың басшылығымен өз қызметтерін атқарып жүр. Бірі таразы басында тұрса, қалғандары ...
Читать далее »Месячные архивы: Июль 2018
Тоқшылықтың белгісі…
Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы Арыс ауылдық округіне қарасты «Сүйіндік» шаруа қожалығының мүшелері бүгінде қызу еңбек майданында жүр. «Сүйіндік» шаруа қожалығының төрағасы Мелдебек Тайлиев «Біздің «Сүйіндік» шаруа қожалығын құрғанымызға ширек ғасырдан асса, Елбасымыздың ірілендіру саясатын қолдау мақсатында аудан әкімінің шешімімен 2007 жылдан бері бізге «Берік», «Барыс» шаруа қожалықтары біріктіріліп, үлкен ұжым болып еңбек етіп келеміз. Осылайша қарамағымыздағы 85 жанұяны қамтып ...
Читать далее »Ерекше ағашқа сұраныс артып келеді
Биылғы көктемде Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 2 гектар жерге әлемдегі ең жылдам өсетін Павловния ағашының 37 мың түп көшеті отырғызылған болатын. Тез жерсінетін ағаш аса күтімді де қажет етпейді. Еуропадан әкелініп, Сарыағаштың топырағына жерсіндірілген ағаш әсіресе жиһаз бен музыкалық аспап жасауға таптырмайды. Айналасы 5 жылда 30 метрге дейін өсетін талдың саясы кең, алты апта бойы гүлдеп тұрады. Шілденің аптап уақытында ауаны тазартуда да ...
Читать далее »Еңбек айдынында — «дала кемелері»
Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы Арыс ауылдық округіне қарасты «Сүйіндік» шаруа қожалығының мүшелері бүгінде қарбалас сәтті бастан өткеріп жатыр. Өйткені, мұнда көптен күткен астықтарына орақ түсіп, «дала кемелері» егістік алқаптарын қызу еңбек дүбіріне айналдырып жүр. «Біздің қарамағымызда 1150 гектар жер бар, — дейді аталмыш шаруа қожалығының төрағасы Мелдебек Сүйіндікұлы Тайлиев. – Өткен жылы оның 650 гектарына бидай, 300 гектарына мақсары, ...
Читать далее »Саланы дамытып, сапалы өнім алу мақсаты тұр
Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында бүгінде мал шаруашылығын дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінде мал басын көбейтіп, мал бордақылаумен айналысатын, сүт өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын өндірістік кооперативтер көп. Жанұялық мал бордақылау алаңдарын құру бойынша Түлкібас ауданында 4 ауыл шаруашылық кооперативі бар. Түлкібас поселкесінен – «Мираш», Кемербастау ауылдық окруігінен «Жаулыбай», Арыс ауылдық округінен «Асин», Рысқұлов ауылдық окруігінен «Қазақбай» ауыл шаруашылығы ...
Читать далее »«Ет Агро-Манкент» — даму үстінде
Түркістан облысы Сайрам ауданындағы «Ет Агро-Манкент» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі 2014 жылдан бастап жұмысын бастаған болатын. Әу баста Мемлекеттік бағдарлама бойынша пилоттық жоба негізінде құрылды. «Ырыс» микроқаржы ұйымымен алғашқы қаржыландыру 9 млн. теңгемен жұмысын бастады. Жұмысын енді бастаған шақта құрамында 4 мүше болған. Бүгінде өндіріс ауқымын кеңейтіп келеді. Кооперативке мүше болғандар және пилоттық жобамен мини кредит алған шағын субъектілер мен ...
Читать далее »Модульді сүт қабылдау бекеттері ашылуда
Түркістан облысындағы Түлкібас ауданында «Түркібас-ата» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі аудан тұрғындарына бордақылап өсірген ірі қара, жылқы, қойларды санитарлық-гигиеналық талаптарға сай сатып, оны сақтап өткізу жұмыстарымен айналысады. Қазір Рысқұлов ауыл округінен «Адал» шаруа қожалығының басшысы Асқар Сакиев 3000 бас мал бордақылау және ет өңдеу кешенін салуда. Биылғы жылғы үш жақты келісімшарт бойынша берілген ет өңдеу кәсіпорнын салу жоспары мен 16,9 мың ...
Читать далее »Қайта өңдеу саласында өрлеу бар
Түркістан облысындағы Сайрам ауданы бойынша ағымдағы жылдың 5 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 17 миллиард 234 млн.теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 27,8 пайыз өсім байқалады. Оның ішіндегі өңдеу өнеркәсібі саласында 14 миллиард 900 миллион теңгенің өнімі өндірілген, өсім 32,5 пайыз. Өңдеу өнеркәсібінің 49 пайызын қайта өңдеу кәсіпорындары құрайды. Қайта өңдеу саласының кәсіпорындары есепті мерзімде 7,0 миллиард теңгенің өнімін өндірген, ...
Читать далее »Мал шаруашылығын дамыту басты міндет
Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында бүгінде мал шаруашылығын дамыту үшін жоспарлы жұмыстар жалғасып келеді. 2011-2018 жылдар аралығында барлығы 2998 бас ірі қара мал алынды. Мал шаруашылығын дамытудың 2014-2018 жыл аралығындағы орындалуына көз жүгіртсек, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1170 бас уақ мал, «Құлан» бағдарламасымен 582 бас жылқы, табынға алынған асыл тұқымды бұқа саны 100- ге жетіп, алынды. Осы бағдарламалар бойынша жанұялық ...
Читать далее »Түркістанда индустриалды аймақтың жұмысы жанданады
Облыс орталығы болған Түркістан қаласында кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын және туризмді дамытуға баса мән берілмек, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Әсіресе, өнеркәсіп жетекші салаға айналуы тиіс. Себебі, жаңа өндіріс орындары ашылса ғана жұмыссыздық азаймақ. Бүгінде Түркістандағы индустриалды аймақта түрлі жобалар жүзеге асырылып жатыр. 2018 жылдың қаңтар-наурыз айында индустриалды аймақтағы кәсіпорындардың өндірген өнім көлемі 343,3 млн. теңгені құраған. Ағымдағы жылдың ...
Читать далее »