Жарияланды: 24.02.2020

Шымкент қаласындағы мектептерде медициналық кабинеттер жаңартылуда

Шымкентте МӘМС жүйесі бойынша мектеп қабырғасында балаларға көрсетілетін медициналық көмекті БАҚ-на таныстыру үшін пресс-тур өтті.

Шара барасында тілшілер №65 мектеп қабырғасындағы медициналық пунктің жағдайымен танысты. Атап айтқанда, журналистер қабылдау бөлімі мен ем-шара кабинетінің жұмысын көріп шықты. Мектептегі медициналық кабинеттерде алғашқы медициналық көмек және профилактикалық қызметтер көрсетіледі.

Мұндағы медицина мамандары автоматандырылған басқару жүйесі арқылы жұмыс істейді. Бірыңғай жүйе арқылы мектептегі медицина мамандары оқушының денсаулық жағдайы туралы ақпаратты жергілікті емханаға хабарлама беріп отырады.

Айта кетейік, Шымкент қаласының аймағында 137 мектеп орналасқан. Білім ұяларында медициналық қызмет көрсету үшін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Шымкент қалалық филиалы 2020 жылдың басынан 18 медициналық мекемелермен келісім шартқа тұрған, оның ішінде 4 жеке меншік клиникалар.

Бөлінген қаржы бойынша мектеп қабырғасындағы балаларға жыл сайын профилактикалық тексеруден өту және стоматологиялық медициналық көмектер көрсетіледі.

1 036 қаралым