Бүгін Шымкентте қала әкімінің бастамасымен жалпыхалықтық сенбілік өтті.
Тазалық шарасына Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер, ЖОО-ның студенттері және еріктілер қатысты.
Сенбілік барысында Назарбаев даңғылы мен Арғынбеков, Жангелдин көшелеріне, №1 автожолдың оң және сол жақ беттеріне 1 мың данадан, сондай-ақ, Қошқар ата өзені мен Дендросаябаққа 500 данадан, жалпы саны 5 500 дана ағаш көшеті отырғызылды.
#Шымкенттің 50 мыңнан аса тұрғыны қатысқан сенбілікке 40 дана техника жұмылдырылды.