Жарияланды: 31.07.2020

Итальяндық технология бойынша жұмыс істейді

Шымкентте таза былғарыдан аяқ киім шығаратын «СП «LuxShoes» ЖШС-і бар. Мұндағы өнімдер итальяндық технология бойынша заманауи түрік жабдықтарында шығарылады. Тауарларын жергілікті нарыққа шығаратын кәсіпорын жылына 120 мың жұп аяқ-киім шығаруға қауқарлы. Аталған аймақта бүгінгі таңда құны 29,9 млрд. теңгені құрайтын 16 жоба жүзеге асырылған. Нәтижесінде 1 630 жаңа жұмыс орындары құрылған. Оның ішінде 2020 жылдың ақпан айында «СП «Lux Shoes» ЖШС-нің аяқ киім табандарын шығару жобасы іске қосылып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды.Жыл соңына дейін «B.A.E.R.» ЖШС – Дәкеден таңу материалдар өндірісі жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

959 қаралым