Шымкент қаласында пандемиямен күреске бас-аяғы 11 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы бүгін қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рақымберді Мүлкеманов мәлімдеді, деп хабарлайды «Отырар.кз». Бұл қаржыға емдеу мекемелерінің материалдық техникалары жаңартылып, КОВИД — 19 инфекциясымен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталды. Алдағы оқу жылының қашықтықтан ұйымдастырылуына орай балалардың ыстық тамағына жұмсалуы тиіс қаражат та қысқартылып отыр. Алдағы ...
Читать далее »Месячные архивы: Июль 2020
Жаңа оқу жылында жаңа білім ошақтары ашылмақ
Шымкент қаласында 2020-2021 жаңа оқу жылына дайындық қызу жүргізілуде. Биылғы жағдайға байланысты қашықтықтан білім беру мәселесі пысықталуда. Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы білім беру сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Заманауи білім стандартынан бөлек оқушыларды ұлттық тіннен алыстатпай, ұлттық құндылықтарды дәріптемек те керек. Сонда қазақы тәрбиеге қанып өскен ұрпақ озық ойлы болып, заман көшінен қалмайды. ...
Читать далее »Қашықтан оқуда кедергі болмайды
Шымкент қаласында 745 білім беру мекемесі жаңа оқу жылын 222 мыңнан астам оқушымен бастағалы отыр. Шымкентте жаңа оқу жылында 11-сыныптарды оқулықтармен 100 пайыз және қалған сынып оқушыларын қосымша кітаппен қамтамасыз ету үшін баспалармен толық келісім шарт жасалып, оқулықтарды тасымалдау басталыпты. Айта кету керек, кітаппен қамту жұмыстары 25 — тамызға дейін жалғасады. «Енді бұл жолы — өткен оқу жылындағы қашықтан оқытудың ...
Читать далее »Әлеуметтік- экономикалық жағдайын дамыту мақсатында 3 млрд. теңге қаржы бөлінген
Шымкент қаласы Абай ауданына биылғы жылы әлеуметтік- экономикалық жағдайын дамыту мақсатында 3 миллиард теңге қаржы бөлінген. Аталмыш қаржыға ауданда 107 аула абаттандырылып, қоқыс жәшіктері жаңартылуда. Бұл туралы аудан әкімі Бұхарбай Парманов ақпараттық коммуникация орталығында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Ауданда карантинге жабылған 680-ге жуық індет ошақтарынан бөлек шағын аудандар мен тұрғын алаптардың көшелері мен көпқабатты тұрғын үй аулаларында ...
Читать далее »Дипломды түлектер жұмысқа қабылдануда
Пандемияның екінші толқынында Шымкентте медицина қызметкерлерінің тапшылығы болмайды. Кадр жетіспеушілігі дипломды түлектерді жұмысқа қабылдаумен шешіліп жатыр. Жергілікті аруханаларға әсіресе реанимотолог мамандар жетіспейді. Бұл тапшылық жалпы тәжірибелік дәрігерлердің осы қызметке бет бұруымен шешілген. Себебі, індет ушыққан кезеңде көптеген дәрігерлер арнайы оқытулар арқылы реанимотологтың қызметін атқарған. Жалақысы жоғары қызметке түбегейлі ауысқысы келетін мамандар көп екен. Темирхан ВАРЗИЛОВ, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯҒА 188 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН
Шымкентте биыл жалпы дезинфекция жұмыстарына 188 млн. теңге бөлінген. Шаһарда 2 мыңнан астам көше залалсыздындырылған. Бұл мақсатқа 40 мыңнан астам көлік жұмылдырылыпты. Қалада осыған дейін 2 жарым мыңға жуық көпқабатты тұрғын үйлердің аулалалары дезинфекцияланыпты. Індеттің өршіп кетпеуі үшін қолға алынған дезинфекциялық шаралар әлі де жалғасып жатыр дейді салаға жауаптылар, деп хабарлайды «Отырар.кз». Ерубай ҚҰРАЛБАЕВ, Шымкент қаласы Энергетика және ТҮКШ басқармасының ...
Читать далее »Бейнеконференция өтті
Шымкент қаласы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде 2020 жылғы 30 шілде күні «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгеріс енгізілгені туралы» видео-конференция өтті. Мақсаты: білім беру қызметін лицензиялау үшін нормативті-құқықтық сауаттылықты арттыру, бұл мәселе бойынша ақпараттық-түсіндіру шараларын жетілдіру, ...
Читать далее »Тариф төмендетілді
Шымкент қаласындағы Қаратау ауданының Сайрам кентінде суды таратушы желілер арқылы беру қызметінін тарифі төмендетілді. «Сайрам Су» ӨК-нің 2019 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау барысында, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасы, яғни бекітілген тарифтік сметаны орындау талабының сақталмағандығы анықталды. Қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, 2019 жылы «Сайрам Су» ӨК-нің негізсіз табыс сомасы 2747780 теңгені ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАҒЫ ЗЕРТХАНА 9 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛҒАН
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық диагностикалық орталықтың жұмысымен арнайы барып танысып, медицина қызметкерлеріне пандемия кезінде атқарған ерен ебектері мен ерлігі үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар орталықтандырылған медициналық зертхананың жұмысын жоғары бағалады. Аталған орталық Covid-19 эпидемиясына қарсы іс-шараларының ішінде басым бағытта медициналық қызмет көрсеткен. Мамандар науқастардың өкпе қуысының рентген және компьютерлік томография зерттеулерін жүргізген. Ал, ПТР зертханасы жоғары сапалы зерттеу ...
Читать далее »Шымкент қаласында «Дәрігерлерге мың алғыс!» жалпыұлттық акциясы өтті
Акцияның мақсаты — бірнеше айға жуық уақыттан бері қауіпті індетпен күресіп жүрген дәрігерлерге алғыс айту. Елдегі карантинге байланысты медицина қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Олар ауысымнан-ауысымға жанталасып, отбасына, туған-туыстарына уақыт бөле алмай, талай жанның өміріне араша түсіп, ерлікке пара-пар қызмет атқарып жүр. Соңғы уақытта бұл көрініс дәрігерлердің өмірін күрделендіре түсті. Сондықтан елдегі қиын қыстау кезеңде олардың жанынан табылып, барынша қолдау ...
Читать далее »