Жарияланды: 31.07.2020

Жаңа оқу жылында жаңа білім ошақтары ашылмақ

Шымкент қаласында 2020-2021 жаңа оқу жылына дайындық қызу жүргізілуде. Биылғы жағдайға байланысты қашықтықтан білім беру мәселесі пысықталуда. Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы білім беру сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Заманауи білім стандартынан бөлек оқушыларды ұлттық тіннен алыстатпай, ұлттық құндылықтарды дәріптемек те керек. Сонда қазақы тәрбиеге қанып өскен ұрпақ озық ойлы болып, заман көшінен қалмайды. Осы мақсатта жаңа оқу жылынан бастап халқымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, Шымкент қаласында «А.Құнанбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия мектебі» ашылмақ. Білімді де білікті ұстаздар қауымынан құралған ұжым оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беретін болады.

786 қаралым