Жарияланды: 30.07.2020

Бейнеконференция өтті

Шымкент қаласы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде 2020 жылғы 30 шілде күні «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгеріс енгізілгені туралы» видео-конференция өтті. Мақсаты: білім беру қызметін лицензиялау үшін нормативті-құқықтық сауаттылықты арттыру, бұл мәселе бойынша ақпараттық-түсіндіру шараларын жетілдіру, білім сапасын арттыру, білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу бойынша «е-лицензиялау» порталына қатысты ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттандыру ауқымын кеңейту.
Конференцияға Шымкент қаласы білім басқармасының мамандары, білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарлары қатысты.

782 қаралым