Пандемияның екінші толқынында Шымкентте медицина қызметкерлерінің тапшылығы болмайды. Кадр жетіспеушілігі дипломды түлектерді жұмысқа қабылдаумен шешіліп жатыр. Жергілікті аруханаларға әсіресе реанимотолог мамандар жетіспейді. Бұл тапшылық жалпы тәжірибелік дәрігерлердің осы қызметке бет бұруымен шешілген. Себебі, індет ушыққан кезеңде көптеген дәрігерлер арнайы оқытулар арқылы реанимотологтың қызметін атқарған. Жалақысы жоғары қызметке түбегейлі ауысқысы келетін мамандар көп екен. Темирхан ВАРЗИЛОВ, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы: «Жалпы тәжірибелік дәрігерлер реанимотолог қызметін атқарғанда олардың жалақысы едәуір жоғары болды. Бұл да стимул. Біз қазір ауруханалардың бас дәрігерлерімен мамандардың ауысуы бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Тапшылық туғызып отырған өзге мамандардың мәселесін дәрігерлер арасында арнайы тренинг ұйымдастыру арқылы шешетін боламыз».
Жарияланды: 30.07.2020