Жарияланды: 31.07.2020

Қашықтан оқуда кедергі болмайды

Шымкент қаласында 745 білім беру мекемесі жаңа оқу жылын 222 мыңнан астам оқушымен бастағалы отыр.  Шымкентте жаңа оқу жылында 11-сыныптарды оқулықтармен 100 пайыз және қалған сынып оқушыларын қосымша кітаппен қамтамасыз ету үшін баспалармен толық келісім шарт жасалып, оқулықтарды тасымалдау басталыпты. Айта кету керек, кітаппен қамту жұмыстары  25 — тамызға дейін жалғасады.

 «Енді бұл жолы — өткен оқу жылындағы қашықтан оқытудың түрлі кедергілері болмайды»  – деп сендірді басқарма басшысы. Естеріңізде болса, шалғай шағын аудандар мен іргелес қала аумағы интернет мәселесінің қиындығын сезініп, оқушылар абдырап қалып еді. Онымен қоса әлеуметтік осал топтағы жанұялар мен көпбалалы отбасы мүшелері смартфонның тапшылығынан қиындық көргені де жасырын емес. Бұл оқу маусымында ондай кедергілер болмайды. Сондай-ақ, қаладағы 172 мектептерге 18 мың жаңа парта, соңғы үлгідегі бейне бақылау камералары мен 30 мектепке турникеттер орнату жоспарланыпты.. Ал білім мекемелерінің жылыту жүйелерін жөндеу, қысымдау жұмыстары толық аяқталыпты. Және де жеке қазандықпен жылытылатын 25 мекемеге 4 мың 793 тонна қатты және 190 тонна сұйық отын тасымалдануда.

750 қаралым