Жарияланды: 30.07.2020

Тариф төмендетілді

Шымкент қаласындағы Қаратау ауданының Сайрам кентінде суды таратушы желілер арқылы беру қызметінін тарифі төмендетілді.

«Сайрам Су» ӨК-нің 2019 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау барысында, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасы, яғни бекітілген тарифтік сметаны орындау талабының сақталмағандығы анықталды.                                         

Қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, 2019 жылы «Сайрам Су» ӨК-нің негізсіз табыс сомасы 2747780 теңгені құрады.

Осылайша, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бұйрығымен «Сайрам Су» ӨК-і үшін суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне бір жыл мерзімге 59,93 теңге/м3 мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифтен 64,36 теңге/м3 6,9%-ға төмендетуімен уақытша өтемдік тариф енгізілді.

663 қаралым