Әлем бойынша қауіпсіз туризм сертификациялау бағдарламасын іске қосқан Түркия 2021 жылдың жаз маусымына дайын. 2020 жылдың маусымында беріле бастаған Қауіпсіз туризм сертификаты – туристер Түркияға әуежайдан түскен бойда көлікке отыру, діттеген жеріне жету, қонақүйлер мен мейрамханалар және таңдаған демалыс орнында тынығу барысын түгел қамтитын, адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін халықаралық деңгейде қамтамасыз ететін құжат. Бүгінде аталған Сертификат Түркиядағы 9800 нысан мен көліктерге берілген.
Түркияның Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой 21-23 мамырда Антальяда жиналған шетелдік миссиялар елшілеріне Түркияның 2021 жылғы жазғы маусымға дайындығы туралы ақпарат берді.
«Түркия әлем бойынша алғашқылардың бірі боп Қауіпсіз туризм сертификатын жүзеге асырды. 2020 жылы елімізде 16 миилон қонақты қабылдадық. Туристердің денсаулығы мен жеке бас қауіпсіздігі біз үшін өте маңызды. Біз қолданған қауіпсіздік ережелерінің нәтижесінде сертификаттау бағдарламасы өте табысты болды. Алдымен сертификаттау бағдарламасын 30 және одан көп орындық нысандарға міндеттедік. Кейін сол бағдарламаны алғандар халықаралық деңгейге сәйкес болуын қатаң қадағаладық. Бүгінде аталған құжат шеңберінде Түркиядағы туризм саласында жүрген 27 миллион Түркия азаматына ковидке қарсы екпе салынды. Маусым айында екпе салдыратындар саны күрт артады», – деді министр Эрсой.
2021 жыл – түрік туризмінде қауіпсіздік жылы
Министр Эрсойдың айтынша, былтыр туризм саласы қауіпсіздік тұрғысынан өте табысты жылға айналған. Биыл да бұл үрдіс жалғасады: «2021 жыл біз үшін вакцинация бағдарламасының арқасында барынша қауіпсіз болады. Біз 2021 жылдың жазғы маусымына дайынбыз. Биыл екпе салдырған қызметкерлері бар нысандар саны 10 мыңнан асады. Олар елімізге келетін туристерге халықаралық деңгейде қызмет көрсетуге дайын».