Месячные архивы: Май 2023

Әскери журналистика мәселелері талқыланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мен өңірлік қолбасшылықтарының баспасөз қызметтері басшылары және ҚР Ұлттық ұлан академиясының өкілдеріне арналған республикалық жиын өтті. Жиын қатысушыларына журналистика факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен Қазақстанның медиа және PR саласындағы мамандар практикалық сабақтар өткізді. Үш күндік курстар 26 мамыр күні Қазақстанның әскери журналистикасындағы өзекті мәселелер пікір өзегіне айналған дөңгелек үстелге жалғасты. Алқасөз модераторы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ...

Читать далее »

Қазақстан мен Польша арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық белсенді дамуда

Польшада қазақ мәдениеті пен өнерімен танысуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті. Ү.ж. 25-26 мамырда Қазақстан туралы кітаптар, қазақ халқының көрнекті қайраткерлері – Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармалары, сондай-ақ Қазақстанның Польшадағы Елшілігімен поляк тілінде шығарылған «Абай Құнанбайұлының Қара сөздері», «Қазақ халқына қызмет ету: Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбегі» атты кітаптар жыл сайынғы Варшава халықаралық кітап жәрмеңкесінде ұсынылды. Польшаның Қазақстандағы ...

Читать далее »

Ташкентте қайырымдылық фестивалі өтіп, қазақ ұлттық тағамдары ұсынылды

Ташкент қаласының орталық саябағында Өзбекстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктер арасында мәдени дәстүрлер мен ұлттық тағамдардың XIX-шы қайырымдылық фестивалі өтті. Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету бюросы он тоғызыншы рет ұйымдастырып отырған жыл сайынғы іс-шарада Ташкентте жұмыс істейтін елшіліктер мен консулдықтары қызметкерлерінің жұбайлары аспазшы және аспаздық мамандар ретінде өнер көрсетті. Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат балалар үйлеріне берілді. Өз ұлттық ...

Читать далее »

Қазақстан мен Иордания СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Иордания Хашимит Корольдігі Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер және экспатрианттар министрі Айман Сафадимен телефон арқылы сөйлесіп, оның барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. А. Сафади қазақстандық әріптесін жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, жауапты жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде М. Нұртілеу сұхбаттасушыға жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге ...

Читать далее »

Қазақстан СІМ Ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифинг өткізді

Мазмұны: Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің Қазақстанға алдағы ресми сапары туралы; Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарының Жаппай қырып-жою қаруын таратуға қарсы күресте қауіпсіздік жөніндегі бастаманың 20 жылдығына орай Жоғары деңгейдегі кездесуге қатысуы туралы; ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі алдағы консультациялары туралы; Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарының «БРИКС+» форматы бойынша Сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысуы туралы; ...

Читать далее »

Қытай делегациясы «КЕНТАУ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫ» АҚ жұмысымен танысты

Қытай Халық Республикасы, Юэцин қаласының өкілдері Түркістан облысына іссапары аясында «Кентау Трансформатор зауыты» АҚ болды. «Кентау Трансформатор зауыты» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Худайбергенов делегация өкілдеріне зауыт жайлы ақпарат беріп, қазіргі жұмысымен таныстырды. Кездесуде Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов кәсіпкерлерге ұсынылатын инфрақұрылымы дайын аймақтар туралы айтып өтіп, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар, Кентау қаласының ...

Читать далее »

БҰҰ Қазақстанның бітімгерлік қызметке қосқан үлесін жоғары бағалайды

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде БҰҰ-ның алғашқы бітімгершілік миссиясы құрылғанына 75 жыл толу қарсаңында ҚР Қорғаныс министрлігі, БҰҰ-ның ҚР-дағы Өкілдігі және шетелдік дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен іс-шара өтті. Іс-шараны ашқан ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның бітімгершілік миссиялары шеңберінде өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі БҰҰ-ның күш-жігерін қолдауы, еліміздің сыртқы саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын ...

Читать далее »

Римде қазақстандық дизайнерлер мен зергерлер топтамаларының таныстырылымы өтті

Қазақстанның Италиядағы Елшілігінде «Салт-дәстүр және заманауи Қазақстан – ғасырлар тоғысында» атты тақырыпта қазақстандық дизайнерлер мен зергерлер топтамаларының таныстырылымы өтті. Оған итальяндық дизайнерлер, өнертанушылар, суретшілер, дипломатиялық корпус өкілдері, журналистер және т.б. бар 100-дем аса адам қатысты. Таныстырылымның мақсаты – итальяндық аудиторияны сәндік-қолданбалы өнерде болып жатқан үрдістер арқылы Қазақстанның ұлттық салт-дәстүрімен таныстыру, себебі ол кез келген мәдениеттің құрамдас бөлігі және қалыптасу құралы ...

Читать далее »

Бакуде қазақтың даңқты мұнайшысы С. Өтебаевтың барельефі ашылды

Әзербайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінде (ӘММӨУ) қазақтың әйгілі мұнайшысы, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым және техника қайраткері Сафи Өтебаевқа арналған барельефтің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Іс-шараға Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел, Әзербайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінің ректоры Мұстафа Бабанлы, «Теңізшевройл» компаниясы бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов, Сафи Өтебаевтың ұлы Мақсұт Өтебаев, ӘММӨУ оқытушылары мен студенттері қатысты. Ә. Байел ...

Читать далее »

Испаниядағы ең ірі кітап жәрмеңкесінде Қазақстанның әдеби жауһарлары ұсынылды

Испаниядағы әдебиет сүйер қауымға арналған ең ауқымды шара саналатын Мадрид кітап көрмесінде қазақ поэзиясының, прозасының інжу-маржандары, сондай-ақ қазақтың ұлы ойшылы Абайдың философиясы ұсынылды. Көрменің ашылу салтанатына Испанияның Мәдениет және спорт министрі Микель Исета, Мадрид қаласының мэрі Хосе Луис Мартинес-Альмейда және басқа да саяси және мәдени истеблишменттің көрнекті өкілдері қатысты. Биыл Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі мен «VISOR» баспасының қолдауымен испан тілінде жарық ...

Читать далее »