Ташкент қаласының орталық саябағында Өзбекстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктер арасында мәдени дәстүрлер мен ұлттық тағамдардың XIX-шы қайырымдылық фестивалі өтті.
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету бюросы он тоғызыншы рет ұйымдастырып отырған жыл сайынғы іс-шарада Ташкентте жұмыс істейтін елшіліктер мен консулдықтары қызметкерлерінің жұбайлары аспазшы және аспаздық мамандар ретінде өнер көрсетті. Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат балалар үйлеріне берілді.
Өз ұлттық дәстүрлері мен мәдениетінің ерекшеліктерін Әзербайжан, Ауғанстан, Мысыр, Беларусь, Германия, Грузия, Үндістан, Италия, Индонезия, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея, Кувейт, Қырғызстан, Қазақстан, Малайзия, БАӘ, Палестина, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түркия, Оман, Чехия, Швейцария және т.б. елдер ұсынды.
Қазақтың ұлттық тағамдарының кең ассортиментін көрсетумен қатар Өзбекстанның Қазақ ұлттық мәдени орталығының фольклор-этнографиялық тобының өнер көрсетуі өтті.
Еліміздің ұлттық ерекшеліктерін барынша көркем бейнелегені үшін Ташкенттегі қазақстандық дипломатиялық өкілдік «Фестивальге белсенді қатысқаны үшін» дипломымен марапатталды.