Месячные архивы: Май 2023

СТАМБҰЛДАҒЫ АРАСТА БАЗАРЫ

Сұлтанахмет мешітінің алаңына жақын маңда орналасқан Араста базарының тағы бір атауы – Атты әскерлер базары. Осман империясы кезінде атты әскерлерге қажетті заттарды сатқан базар бүгінде жершілікті және шетелдік туристер жақсы көретін тарихи мекенге айналған. Шағын базардың ішінде түрлі кәдесыйлар, кілем, Изник қаласында өндірілген керамикалық заттар, орамал, төсекорын жабдықтары, киім-кешек, басқа да текстиль өнімдері, түріктің ұлттық тәттілері мен дәмдеуіштері сатылатын 70-тен ...

Читать далее »

СТАМБҰЛДАҒЫ УЕФА ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ

Биыл 10 маусымда Стамбұлдағы Ататүрік Олимпиада стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық ойыны өтеді. Сұлу да сиқырлы шаһарға ойын тамашалауға келген жанкүйерлер қауымы футболмен бірге рухани азық алып қайтады. Қызықты мәдени және көркем өмірімен, дәмді дәмімен, тарихи орындарымен, қайталанбас қалалық сәулетімен, қыз-қыз қайнап жататын түнгі өмірімен және ойын-сауық-сауда орындарымен баурап алатын Стамбұл туристер мен жанкүйерлерді асыға күтеді. Чемпиондар фестивалі УЕФА Чемпиондар ...

Читать далее »

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті

Мемлекет басшысы Абу Даби Әмірлігін билеуші әулеттің өкілі, шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянға ілтипат білдіре отырып, бүгінгі кездесу екі елдің ынтымақтастығын нығайту жолдарын талқылауға орайлы сәт екенін атап өтті. – Биыл жыл басында Әмірліктерге жасаған сапарымды және ел басшылығымен өткізген кездесулерімді жылы сезіммен еске аламын. Қол жеткізілген уағдаластықтар екі ел халықтарының игілігі үшін қызмет етіп жатқанын ерекше атам өтемін. ...

Читать далее »

Бейжіңде қытай тіліндегі қазақ әндері жинағының тұсаукесері өтті

Қытай астанасында ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен еліміздің көрнекті қайраткерлері Абай Құнанбаев, Шәмші Қалдаяқов, Алтынбек Қоразбаев, Нұрғиса Тілендиев және басқалардың 30 белгілі музыкалық шығармасын қамтитын қытай тіліндегі танымал қазақ әндерінің алғашқы аударма жинағының тұсаукесері өтті. Әндерді аударуды Музыка халық баспасының жәрдемімен белгілі жазушы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің бұрынғы депутаты Әкбар Мәжитұлы жүзеге асырды. Іс-шараның қонақтары Қытайдың мемлекеттік органдары, академиялық және ...

Читать далее »

Еуропалық парламенттегі дөңгелек үстелде Қазақстан мен Моңғолиядағы конституциялық реформалар талқыланды

Еуропалық парламентте аймақтағы саяси өмірді демократияландырудың өзекті үрдістеріне арналған «Қазақстан мен Моңғолиядағы конституциялық реформалар үдерісі: тағылымы мен көкжиегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Еуродепутат Влодзимеш Чимошевичтің бастамасымен өткен іс-шараға Еуропалық парламенттің және мүше мемлекеттердің ұлттық парламенттерінің депутаттары мен қызметкерлері, Еуроодақтың өзге де негізгі институттарының, дипломатиялық корпустың, ғылыми-зерттеу құрылымдарының, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан дөңгелек ...

Читать далее »

Еуропалық парламенттегі дөңгелек үстелде Қазақстан мен Моңғолиядағы конституциялық реформалар талқыланды

Еуропалық парламентте аймақтағы саяси өмірді демократияландырудың өзекті үрдістеріне арналған «Қазақстан мен Моңғолиядағы конституциялық реформалар үдерісі: тағылымы мен көкжиегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Еуродепутат Влодзимеш Чимошевичтің бастамасымен өткен іс-шараға Еуропалық парламенттің және мүше мемлекеттердің ұлттық парламенттерінің депутаттары мен қызметкерлері, Еуроодақтың өзге де негізгі институттарының, дипломатиялық корпустың, ғылыми-зерттеу құрылымдарының, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан дөңгелек ...

Читать далее »

Италия діни қауымдастығының өкілдері Қазақстанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің қорытындыларын талқылады

Әлемдегі ең көне университеттердің және Италияның беделді жоғары оқу орындарының бірі – Римнің Сапиенца университетінде 2022 жылғы қыркүйекте Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің қорытындыларына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Италия дінбасылары, Сапиенца университетінің профессорлар құрамының мүшелері, мәдениеттанушылар, дінтанушылар, журналистер, аспиранттар, студенттер және т.б. қатысты. «COREIS» исламдық діни қауымдастығы мен Сапиенца университеті ұйымдастырған дөңгелек үстел аясында Әлемдік ...

Читать далее »

Вьетнамның индустриалды дамыған провинциясы бизнес-делегацияны Қазақстанға жіберуге дайын

Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Ерлан Байжанов Ханоймен көршілес Бак Нинь провинциясында болып, провинцияның Халық комитетінің төрағасы Нгуен Хыонг Зиангпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Нгуен Зианг провинцияда орналасқан индустриалды парктердің қызметі туралы хабардар етіп, оның инвестициялық әлеуетімен таныстырды. Оның айтуынша, шетелдік инвестицияларды тартудың басым салалары электрондық жабдықтар өндірісі, медицина, логистика, сауда, ...

Читать далее »

Рухани дипломатия: қазақстандық дінаралық диалог бастамасы Израильде талқыланады

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің VII съезінің қорытындысына арналған «Дін лидерлері бейбітшілік үшін» халықаралық дөңгелек үстелін ұйымдастыру аясында Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Израильдің ресми өкілдерімен және белгілі дін қайраткерлерімен бірқатар кездесулер өткізіп, сондай-ақ Хайфа университетіндегі көпконфессиялы симпозиум мен Бахаи халықаралық қауымдастығының съезіне қатысты. Израильдің Дін істері министрі Майкл Малкиелимен кездесу барысында израильдік әріптестер дінаралық және конфессияаралық диалогтың қазақстандық үлгісін ерекше ...

Читать далее »

Абай апталығы: Париждегі анимациялық фильмнің премьерасы

 Қазақстанның Париждегі Елшілігінде Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық ай» шығармасына арналған қысқа метражды анимациялық фильмнің премьерасы өтті. «MPL Culture» компаниясының қолдауымен «Қазақстанның Франциядағы әйелдері» қоғамдастығы ұйымдастырған іс-шараға шет мемлекеттердің елшілері, саяси, академиялық, мәдени және іскер топтардың өкілдері қатысты. Анимациялық фильмді Ангулем қаласында оқитын Доминика Қыдырбаеваның жетекшілігімен француз-қазақстандық студенттердің креативті тобы жасады. Мәдени іс-шараның аясында Ғазиза Ғабдрахимова қазақ композиторларының шығармаларын ежелгі ...

Читать далее »