Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев басқарды.
Консультациялар барысында 2023 жылғы 19-20 маусымда Минскіде өтетін ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің алдағы отырысына дайындыққа байланысты мәселелер қарастырылды.
Сонымен қатар консультацияларға қатысушылар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін және ҰҚШҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын талқылады, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның басқа халықаралық ұйымдармен (БҰҰ, ТМД, ШЫҰ) және бөлек мемлекеттермен диалогын дамыту жөніндегі одан арғы қадамдар бойынша пікір алмасты.