
фото ТОПД
Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына «Түркістан – Шымкент» тас жолында нөмірсіз жүрген көлік ілінді. Кезекшіліктегі қызметкерлер бірден құқық бұзушы туралы ақпаратты сол маңға жақын жүрген полицейлерге хабарлады.
Хабарлама бойынша іске кіріскен патрульдік полиция инспекторлары жүргізушіні тоқтатты. Нәтижесінде жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды. «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.
Анықталғандай, Түркістан қаласының тұрғыны өзінің басқаруындағы «TOYOTA CAMRY» автокөлігін мемлекеттік белгісін қасақана алып тастап басқарған.