Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов 2020 жылдың алғашқы жеке қабылдауын өткізді. Кездесуге келген қала тұрғындары әкімге үй, жер және әлеуметтік қолдау мәселелері мен шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсету бойынша өтініштерін жеткізді. Қала басшысы әр азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді заң аясында шешу жолдарын тұрғындарға түсіндірді. Сондай-ақ, Ерлан Қуанышұлы тұрғындардың мәселелері назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты. Азаматтардың өтініштерін ...
Читать далее »Месячные архивы: Январь 2020
Биыл Шымкентте абаттандырылған аулалар саны 80 пайызға жетеді
Шымкентте жалпы саны 1 252 көпқабатты тұрғын үй аулалары бар. Бүгінгі таңда олардың 52 пайызы абаттандырылған. 2018 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 219 көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылған. Ал, биыл әр ауданға 1 млрд теңгеден қаржы берілмек. Бұл қаржыға көпқабатты тұрғын үй аулаларында 163 ойын және 79 спорт алаңшалары жөнделеді. Нәтижесінде, 2020 жылы абаттандырылған аулалар саны 80 пайызға жетеді. Сонымен ...
Читать далее »МӘМС: Шымкентте медицина қызметкерлерінің жалақысы артты
Шымкентте дәрігерлер мен мейірбикелердің жалақысы артты. Жаңа жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға артса, орта буынды қызметкерлердің жалақысы 20 пайызға артып отыр. Бұл туралы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Шымкентке келген жұмыс сапары барысында мәлімдеді. Медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов аймақтық штаб мүшелерімен бірігіп, Шымкент қаласындағы біршама медициналық ұйымдарды аралап, өзекті мәселелер бойынша медицина ...
Читать далее »МӘМС: Науқастың сұраған қызметке жоқ деуге болмайды
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров Шымкенттегі медицина ұйымы басшыларымен өткен кездесуде мәлімдеді. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров және министрліктің инвистициялық саясат департаментінің директоры Аслан Кинаятов бастаған аймақтың штаб мүшелері көрсетіліп жатқан медициналық қызметтердің жан-жақтылығын, толықтығын қарау мақсатында бір қатар медициналық мекемелерді аралап шықты. Жұмыс топ өкілдері қаладағы сегізінші және он ...
Читать далее »Түркістан облыстық медициналық ұйымдарының МӘМС жүйесіне дайындығы жоғары деңгейде
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өңірде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуіне тексеру жүргізген штаб мүшелері мәлім етті. Делегация құрамы Түркістан облысындағы бірқатар медициналық мекемелерді аралап, қызмет көрсету сапасын тексерді. Министрліктің стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Айнұр Айтаханова бастаған бір топ азаматтар алдымен облыстық клиникалық ауруханада болды. Тарихы одан да тереңде жатқанымен, ресми түрде 1947 жылдан бастап облыстық аурухана ...
Читать далее »Шымкент: Вице-министр әлеуметтік көмекті тағайындау жұмыстарымен танысты
Шымкент қаласына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Жылқыбаев жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында вице-министр Шымкент қаласының əкімі Ерлан Айтахановпен бірге қаладағы әлеуметтік көмекті тағайындау жұмыстарымен танысты. Айта кетсек, мемлекет тарапынан көп балалы аналардың әл-ауқатын арттыру мақсатында мемлекеттік жәрдемақы тағайындалуда. Ал атаулы әлеуметтік көмек 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматта төленеді. Біріншіден, АӘК-ке құжат әр үш ай ...
Читать далее »АӘК шаралары бойынша еріктілер жұмысқа кірісті
Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында 22 жас еріктілер (волонтерлар) жұмысқа кірісті. Ал, атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар қабылдайтын 4 аудан әкімдіктерінде қосымша 6 еріктіден бекітілген. Еріктілер тұрғындардың өтініштерін қабылдау жұмыстарын түсіндіру шараларына жұмылдырылған. Бұл қызметкерлер мен тұрғындар арасындағы түсініспеушіліктерді ретке келтіреді. Яғни, еріктілер келушілерге мәселелерімен қайда бару керек екендігін көрсетеді. Өйткені орталықта қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне, ...
Читать далее »Шымкент: Атаулы әлеуметтік көмекке өтінішті кімдер, қай күні тапсыратыны белгілі болды
АӘК-ге өтініш білдіруші тегінің (фамилия) бірінші әрпі бойынша қабылданады. Шымкентте АӘК-ге құжаттар тапсыру 2020 жылдың 5 қаңтарында басталады, деп хабарлайды мамандар. Шымкент қаласында АӘК-ге құжат тапсыру тәртібі: 1. Өтініш білдіруші тегінің бірінші әрпі бойынша қабылданады А, Ә – 5-6 қаңтар; Б, В – 8-9 қаңтар; Г, Ғ, Д – 10-13 қаңтар; Е, Ё – 14-15 қаңтар; Ж, З – 16-17 ...
Читать далее »Еріктілер жылы марафонмен басталды
Шардара ауданында Еріктілер жылы марафонмен басталды. Аудан әкімдігі мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Қыс – 2020» тақырыбымен өткен марафон жарысына қала және ауылдық округтерден мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер, спортшылар мен басқа да тұрғындар тартылды. Жаңа жылдың алғашқы іс-шарасы басталар алдын аудан әкімі Қайрат Жолдыбай құттықтау сөз сөйлеп, биылғы Еріктілер жылының мән-мағынасына кеңінен тоқталып өтті. Мемлекеттік әнұранымыз орындалып болған ...
Читать далее »Шымкентте бір мезетте 400 қонаққа қызмет көрсететін туристік нысан ашылды
Еліміздің үшінші мегаполисінде «City» қонақ үй кешені қайта жөндеуден соң өз жұмысын бастады. 1970-ші жылдары «Южный» қонақ үйі болған ғимарат қайта жөндеуден өтіп, жаңа сәулеттік келбетпен қайта құрылды. Бұл Шымкент қаласындағы бір уақытта 400 қонаққа қызмет көрсете алатын жалғыз қонақ үй кешені болып табылады. Аталған ғимаратты арнайы аралаған Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов туристік нысан халыққа ыңғайлы, әрі қолжетімді болатынына ...
Читать далее »