Жарияланды: 08.01.2020

АӘК шаралары бойынша еріктілер жұмысқа кірісті

 

Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында 22 жас еріктілер (волонтерлар) жұмысқа кірісті. Ал, атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар қабылдайтын 4 аудан әкімдіктерінде қосымша 6 еріктіден бекітілген. Еріктілер тұрғындардың өтініштерін қабылдау жұмыстарын түсіндіру шараларына жұмылдырылған. Бұл қызметкерлер мен тұрғындар арасындағы түсініспеушіліктерді ретке келтіреді.
Яғни, еріктілер келушілерге мәселелерімен қайда бару керек екендігін көрсетеді. Өйткені орталықта қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне, кәсіптік оқытуға, АӘК-ке құжат өткізуге, кеңес алуға келушілер қатары көп.

1 255 қаралым