Жарияланды: 03.01.2020

Еріктілер жылы марафонмен басталды

Шардара ауданында Еріктілер жылы марафонмен басталды. Аудан әкімдігі мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Қыс – 2020» тақырыбымен өткен марафон жарысына қала және ауылдық округтерден мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер, спортшылар мен басқа да тұрғындар тартылды.

Жаңа жылдың алғашқы іс-шарасы басталар алдын аудан әкімі Қайрат Жолдыбай құттықтау сөз сөйлеп, биылғы Еріктілер жылының мән-мағынасына кеңінен тоқталып өтті. Мемлекеттік әнұранымыз орындалып болған соң, марафон жарысы басталып сала берді. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбай, аудан әкімінің орынбасарлары Бауыржан Шомпиев пен Нұрмаханбет Сапаров, қала және ауыл әкімдері бастаған марафоншылар 2,5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

1,5 мың шардаралық тұрғындар қатысқан марафон жарысында озып келген желаяқтарға бағалы сыйлықтар мен грамоталар тарту етілді. Сонымен қатар, аудан әкімі ауданның ерікті жастарымен біргелікті Бекзат Саттарханов атындағы саябақта ағаш көшеттерін отырғызып, жастарды «Еріктілер жылының» ашылуымен құттықтады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

1 056 қаралым