Жарияланды: 30.11.2022

1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

 

 

Түркістан қаласында 31 жастағы ер кісі түнгі уақытта масаң күйде бөтен адамның тұрғын үйіне есіктен кіріп, иесінің үйден шығуды талап етуіне құлақ аспай, онымен төбелесіп, денсаулығына орта дәрежелі зиян келтірген.

Аталған факті бойынша Түркістан қаласының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 149-бабының 2-бөлігімен (түнгі уақытта тұрғынжайға онда тұратын адамның еркiнен тыс күш қолданып заңсыз басып кiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, нәтижесінде қала прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жіберген.

Түркістан қалалық сотының  үкімімен бір жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім күшіне енді.

 

492 қаралым