Жарияланды: 30.11.2022

«Білімділік – қорғаның» атты интеллектуалды ойыны өткізілді

 

Қоғамдағы тәртіпті күзетушілер бұл қызметтерінен бөлек әрдайым өздерінің білімдерін жетілдіріп отыруы керек. Қазір ол үшін мүмкіндік көп. Ал полицейлердің білім дәрежелері  интеллектуалды ойындарда сыналары анық.

Жуырда Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Білімділік – қорғаның» атты интеллектуалды ойыны өткізілді. Сайыста полиция қызметкерлері арасынан құрылған топтар бақ сынады. Интеллектуалды ойынның негізі құқық қорғау қызметкерлерінің білімділіктерін өзге де бағыттарда ойларын сергіту. Сайысқа белсене қатысқан топтар өздерінің білімдерімен тартысты ойынды көрсетті. Тек қана құқыққорғау саласы ғана емес, өзге салаларға да қатысты сан алуан сұрақтарға мүдірмей жауап берген тәртіп сақшылары талайларды таңғалдырды. Сайысқа бірнеше команда қатысты. Ылғи жүйріктер қатысқан айтулы сайыс өте тартысты өтті. Білім дәрежелері жоғары деңгейде екендігін дәлелдей білді. Бүгінгі сайыста топ жарғандардың бірі болып «Тергеушілер» командасы бас жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, бірінші орынды «Полиция қыздары» иеленсе, тартысты ойынның екінші орнын «Жергілікті полиция» қызметкерлері жеңіп алды.

 

 

 

 

 

412 қаралым