«Ордабасы қауіпсіз аудан» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралары аясында бүгін Жеңіс ауылдық округіндегі Ө.Тұрманжанов, Бөген ауылдық округіндегі Б.Кенжебаев», Қарақұм ауылдық округіндегі Қарақұм атындағы жалпы орта мектептерінің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге 100-ге жуық оқушы қатысты. Аталмыш жиынды Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының прокуратурасы ұйымдастырды.
Кездесу барысында аудан прокуроры К.Нәрікбаев бала құқығын сақтау, құқық бұзушылық профилактикасы мен қылмыстың алдын алу шараларын талқылады. Сонымен қатар бұл кездесуге 21 мектеп мұғалімдері мен 18 ата-ана қатысты. Бұған дейін мұндай іс-шара ауданның бірнеше ауылдық округтерінде өткізілген болатын. Алдағы уақытта тағы да басқа елді мекендерде өткізу жоспарланып отыр.