Жарияланды: 30.11.2022

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы семинар өтті

Түркістан облысына қарасты Арыс ауданы ПБ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауқымды семинар-тренинг өткізілді. Шараға аудан бойынша Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі педагогтар мен кіші қызметкерлер қатысты. Бұл шарада әйелдер мен балаларды қорғау, зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселесі жан-жақты қаралды.

Баршаңызға белгілі, бүгінде елімізде отбасы ішіндегі зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет ең маңызды мәселелердің бірі. Осы ретте бұл кездесуде отбасындағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, оның алдын алу, тосқауыл қою мәселелері талқыланды.

Жалпы 2022 жылдың 10 айында Арыс АПБ-ға жеке қабылдауға 10 әйел келген. Олардың барлығына полицейлер тарапынан қажетті құқықтық көмек беріліп, заң асында жұмыстар арқарылған.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесімен айналысып жүрген мамандар бұл әлемнің әр елінде бар құбылыс дегенді айтады. Отбасындағы қысым елдің мәдениетіне, экономикасының дамуына немесе сенім-нанымына байланысты емес. Бұл құбылыс жекелеген адамдардың ерекшеліктеріне қатысты дейді. Алайда, әр адам мемлекеттің азаматы болғандықтан, оны қандай да бір қауіп-қатерден қорғау да мемлекетке жүктеледі. Бүгінде барша әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заң бұзушылық біздің елімізде де өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Зерттеулер бойынша оның басты себептерінің біріне етек алған маскүнемдік, нашақорлық сынды әлеуметтік мәселелер себеп болып отыр.

658 қаралым