Месячные архивы: Март 2023

Түркістан облысына бас имам тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ержан Төлепов Түркістан облысына бас имам болып тағайындалды. ҚМДБ Төраға орынбасары, наиб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы Түркістан қаласында облыстық орталық мешітте дін қызметкерлеріне бас имамды таныстырып, Бас мүфти бұйрығын оқып берді. Сонымен қатар бас имамның діни саладағы жұмысына сәттілік тіледі. Айта кетсек, Ержан Төлепов осыған дейін бірнеше өңірде имамдық қызмет атқарды. ...

Читать далее »

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып Асхан Мархабайұлы Байдуалиев тағайындалды. Бұл қызметке ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен босатылған Марат Пашимовтың орнына келді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысын таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Жауапты басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өтті. Сонымен қатар ...

Читать далее »

Мейрам қарсаңында мақтааралдық полицейлер министрліктен марапат алды

Әз Наурыз мерекесі қарсаңында, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы ҚР ІІМ-нің тиісті марапаттарын алды. Яғни полиция қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары ескеріліп, I, II, III – дәрежелі төсбелгімен наградталды. Атап айтсақ, өзінің өмірін құқық қорғау саласына арнап, қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етіп жүрген полиция подполковнигі Ерғал Макешов, «Қазақастан Республикасы Ішкі істер органдарының І-дәрежелі мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Ал полиция майоры ...

Читать далее »

Тергеушілер күніне орай спорттық сайыс өткізілді

  «Тергеу қызметіне 60 жыл» толуына орай Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің қолдауымен ауқымды спорттық спартакиада өткізілді. Іс-шараға тергеушілер, анықтаушылар және криминалистерден құралған 14 команда қатысты. Жүздеген полиция қызметкерлері қатысқан спартакиада, шағын футбол, арқан тарту, тапанша ату, қол күрес бойынша ұйымдастырылды. Спорттық дайындықты, шеберлік пен шымырлықты, асқан шапшаңдықты қажет ететін ішкі істер саласының мамандары жарыс барысында, ...

Читать далее »

Түркістан облысының оқушысы «Ақылды ферма» жобасын жасады

Түркістан облысы Төлеби ауданы № 6 мектебінің 6 сынып оқушысы Елдос Елудің «ақылды» ферма жасап шығарды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Елдостың макет күйіндегі «ақылды» фермасында жұмыс процесі автоматтандырылған. Бұл фермадағы жұмысты қашықтан басқаруға, фермердің жұмысын жеңілдету арқылы оның уақытын үнемдеуге мүмкіндік бар. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін оқушыға информатика пәнінің мұғалімі Айгүл Шахаманова қолдау көрсетті. Елдос «Ақылды» ферманың ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРОФОРУМДА 257 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Түркістанда өтіп жатқан «KazAgro/KazFood Turkistan 2023» көрме-жәрмеңкесі аясында «AgroForum Turkistan 2023» халықаралық форумы өтіп жатыр. Форумға еліміздің ірі инвесторлары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері және әлеуетті кәсіпкерлер қатысуда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірде ауыл шаруашылығын дамыту бағытында ірі жобалар жүзеге асатынын мәлімдеді. Форумның маңызды екеніне тоқталды. – Сіздерді бірінші кезекте жыл бастауы Ұлыстың Ұлы күні ...

Читать далее »

Наурыз тойы гала концертке ұласты

Шымкенттегі Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар бүгін Астана алаңында өткен «Шырқа, Наурыз» гала концертімен қорытылды. Халықтың сүйіктісіне айналған сахна саңлақтары — Жанболат мен Жазира, Мелдір Әуелбекова, Әлия Әбікен мен Қанат Үмбетов, Райм мен Ерке Есмахан бастаған эстрада жұлдыздары ән шырқап, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады.     Наурыз шашуы ретінде ұсынылған концерттік бағдарламаны көруге келген жұртшылықтың қарасы қалың ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«Ардақты ағайын! Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – күллі мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша мезгіл. Адамзатты рухани тазаруға және жан-жақты кемелденуге бастайтын осы айда төзімділік, жанашырлық, имандылық сияқты құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Ата-бабамыз Рамазанды «он екі айдың сұлтаны» деп ардақтаған. Ораза ұстаған жамағатқа ауызашар беріп, бір-біріне ерекше құрмет көрсеткен. Салт-дәстүрімізбен сабақтас асыл дініміз ғасырлар бойы Ұлы далада ...

Читать далее »

«SHYMKENT INVESTMENT – 2023» ӨҢІРАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

Оңтүстік өңірінің инвестициялық ахуалын жақсартуға мүмкіндік беретін іс-шараға орталық мемлекеттік органдар мен елшіліктердің, ұлттық және шетелдік компаниялардың өкілдері, сондай-ақ танымал кәсіпкерлер мен инвесторлар арнайы шақырылған. Инвестициялық тартымдылықты арттыру арқылы өңірдің экономикалық даму қарқынын күшейтетін форумға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. «Елдің ірі көлік торабы ретіндегі оңтүстік «қақпасы» — Шымкент. Бүгінде қалада түрлі бағытта 700-ден астам ірі және орта кәсіпорындар жұмыс ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ «БІРГЕ – ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысында Наурыз мейрамында өңірде «Бірге – таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Игі шараға Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйытқы болып отыр. Акцияға облыстағы 17 аудан, қалада сенбіліктер ұйымдастырылып, аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері мен тұрғындар белсене қатысты. Облыс орталығындағы жалпы сенбілікте мемлекеттік қызметкерлер қаладағы арық-атыздарды және көше бойларын күл-қоқыстан тазалап, ағаш түптерін әктеп, жеміс және ...

Читать далее »