Жарияланды: 24.03.2023

Мейрам қарсаңында мақтааралдық полицейлер министрліктен марапат алды

Әз Наурыз мерекесі қарсаңында, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы ҚР ІІМ-нің тиісті марапаттарын алды. Яғни полиция қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары ескеріліп, I, II, III – дәрежелі төсбелгімен наградталды.
Атап айтсақ, өзінің өмірін құқық қорғау саласына арнап, қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етіп жүрген полиция подполковнигі Ерғал Макешов, «Қазақастан Республикасы Ішкі істер органдарының І-дәрежелі мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Ал полиция майоры Мұрат Мүсіров пен полиция капитаны Ғабит Шаметов, полиция майоры Ерлан Төлеген, полиция майоры Тимур Гулиев, II–дәрежелі медальмен наградталды. Полиция капитаны Алмат Байтилеуов болса, мінсіз қызметі үшін ІII–дәрежелі төсбелгіні иеленді.
Сонымен қатар Қазақастан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция капитаны Әділбек Букеновке кезекті майор шені табысталды.
Осылайша тәртіп сақшыларының еңбегі бағаланды.
587 қаралым