Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ержан Төлепов Түркістан облысына бас имам болып тағайындалды.
ҚМДБ Төраға орынбасары, наиб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы Түркістан қаласында облыстық орталық мешітте дін қызметкерлеріне бас имамды таныстырып, Бас мүфти бұйрығын оқып берді. Сонымен қатар бас имамның діни саладағы жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кетсек, Ержан Төлепов осыған дейін бірнеше өңірде имамдық қызмет атқарды. Сонымен қатар медреселерде ұстаздық етті. 2016-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Абай Құнанбайұлы мешітінде имам болды.