Жарияланды: 18.08.2020

Көп көңіл бөлуді қажет ететін балалар мәселесін ұдайы назарда ұстап келеді

2020-2021 жаңа оқу жылына дайындық барысында Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы Тажиеваның қабылдауында болып, қалалық мектептердің директорларымен онлайн түрде жиналыс өткізілді. Қоғамдық қордың басшысы Жаннета Жазықбаева: «АИТВ-дертіне шалдыққан және мүгедектігі бар балалар мәселелерін талқыланып, бірлесе жұмыс атқарылуда. Сонымен қатар, көп балалы, аз қамтылған отбасылы жанұялардың  балаларына онлайн режимінде интернет желісімен және компьютермен қамтамасыз ету туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді». Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы білім беру сапасын арттыру, отбасы және балалық институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру бағытында Шымкент қаласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қоғамдық қор басшылары мүгедектігі бар балалар мәселесін ұдайы назарда ұстап келеді.

 

865 қаралым