Ежедневные архивы: 08.10.2018

«3 триллион теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік береді»

Бүгін Түркістан облысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы бойынша мәжіліс өтті.  Актив жиналысын ашып беріп, жүргізіп отырған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев негізгі алты бағыттан тұратын саяси құжаттың мәні мен мағынасына жеке-жеке тоқталып, оның қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне ...

Читать далее »

Ауылшаруашылық саласына қаржы көптеп бөлу – жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік

Түркістан облысында мал шаруашылығын өрістетіп, оның етін экспортқа жіберіп отырған серіктестік иелері «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының 2025 жылға дейін ұзартылуын құптайды. Мемлекет басшысының халыққа арнаған жолдауын мұқият зерделеген кәсіпкер Сырым Ертаев: «ауылшаруашылық саласына қаржы көптеп бөлінсе, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік болады», – дейді. Сырым Махамбетұлы басқаратын шаруа қожалығы 12 мың ірі қара бордақылайды. Иран Ислам Республикасы мен көршілес Өзбекстанға ...

Читать далее »

Жастарға психологиялық кеңестер айтылды

Жасөспірімдер 11 – 16 жас аралығындағы балалар. «Жасөспірім» сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімінің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады. Олардың физиологиялық, дене құрылысының, күшінің, жыныстық бездерінің қатты дамуын байқауға болады. Сондықтан да осы жас аралығында балалар өздерін ересектер қатарына қосады. Жасөспірім шақтағы аумалы-төкпелі мінез-құлық салдарынан келеңсіз жайттар орын алмас үшін ...

Читать далее »

Жартытөбенің жетістіктері

Түркістан облысына қарасты Созақ ауданы ауыл және мал шаруашылықты аудан ретінде облыс, республикаға белгілі. Кеңес өкіметі тұсында аудан одаққа егін, ет, сүт және жүн жеткізіп келген. Түліктің төрт түрін де баққан өңір аты қаракөл қой тұқымымен төрткүл дүниеге танылған. Сол жетістіктерге жетуімізге себеп болған ұжымшардың бірі Жартытөбе ауылдық округі болатын. Жартытөбе ауылы ауданымыздың облыс орталығы және көршілес аудандармен байланыстырып жатқан кіре ...

Читать далее »

Түркістанға келетін туристердің санын 5 миллионға жеткізу көзделуде

Бірер жылда Түркістан облысы сауда-саттығы қайнаған, тарихи, мәдени нысандарына саяхатшылар ағылған нағыз туризм орталығына айналады. Бұл туралы бүгін Түркістан қаласында Елбасының «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Жолдауын талқылауға арналған жиында айтылды.  Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысының аталған саяси құжатта туризм саласын дамытуға ерекше назар аударғанына тоқталып, бұл жұмыстардың бұрыннан-ақ қолға алынған жоспарларымен бөлісті.  «Мемлекет басшысы: ...

Читать далее »

Түркістан қаласы бюджетінің кіріс бөлігі 101,8 пайызға орындалған

Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаевтың төрағалығымен өткен кезекті апталық мәжілісте қала бюджетінің кіріс және шығыс бөлігінің 2018 жылдың 9 айында қаржының игерілу барысы және нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасының 9 айда іске асырылу барысы туралы жан-жақты талқыланды. Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлімнің басшылары баяндама жасады. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы З.Бимбетованың мәліметінше қала ...

Читать далее »

«Келеңсіз оқиғалар мен жат қылықтардың алдын алу» атты психологиялық семинар-тренинг өтті

Ағымдағы жылдың 4 қазан күні Түлкібас ауданы Мичурин ауылдық округіне қарасты Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің  7-10 сынып оқушылары арасында «Құқық бұзушылықпен келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу» және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу екі бағытта жүргізілді. Бірінші бағытта «Құқық бұзушылықтың алдын алу» және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстары жүргізілді. Екінші бағытта «Келеңсіз оқиғалар мен жат қылықтардың ...

Читать далее »

Ата-аналар конференциясы өтті

Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Тату отбасы-бақытты бала — гүлденген ел» атты аудандық ата-аналар конференциясы өтті. Конференцияға басқарма басшысының орынбасары М.Сәдібек, аудан әкімінің орынбасары А.Оралбаев және аудандық, қалалық білім бөлімдерінің тәрбие саласына жауапты мамандары және құқық қорғау органдары қатысты. Жиында арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, белсенді ата-аналар марапатталды және әлеуметтік институт отбасының тәрбиелік рөлін арттыру, өскелең ...

Читать далее »

Маңдайалды өндіріс орындарының бірі

Түркістан облысындағы Отырар ауданындағы «Жаңа жер» шаруа қожалығының бүгінде аудандағы маңдайалды өндіріс орындарының бірі. Аталған қожалық бүгінде өз кәсібін өрге домалатып отыр. Құны 12 миллион теңгені құрайтын, шағын жұмыртқа өндіру кешенін іске қосқан. Кәсіпкер сол арқылы үш азаматты тұрақты жұмыспен қамтыған. Алдағы уақытта қожалық иелері егін және мал шаруашылығын дамытуды жоспарлап отыр. 800 гектардан астам жер алыпты. Айта кету керек, ...

Читать далее »

70 пайыз жергілікті өнім

Түркістандықтардың өз өнімдері – өздерінде! Дихандар жергілікті халықты 70 пайыз қиярмен, 45 пайыз қызанақпен қамтып отыр, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Қазір қала аумағы мен шағын ауылдарда жылыжай саны артқан. Шаға ауылдық округіндегі «Дидар» шаруа қожалығы 9 гектар алқапқа қызанақ егіп, алғашқы өнімдерін Ресейге жіберіп үлгерді. «Дидар» шаруа қожалығы өз жұмысын 2015 жылы бастаған. Алғашында 3 гектар жерге қызанақ егілді. Қазір ...

Читать далее »