Ағымдағы жылдың 4 қазан күні Түлкібас ауданы Мичурин ауылдық округіне қарасты Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің 7-10 сынып оқушылары арасында «Құқық бұзушылықпен келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу» және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу екі бағытта жүргізілді. Бірінші бағытта «Құқық бұзушылықтың алдын алу» және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстары жүргізілді. Екінші бағытта «Келеңсіз оқиғалар мен жат қылықтардың алдын алу» тақырыбында психологиялық семинар-тренинг жүргізілді. Соңғы 15 жылдықта 15-24 жас аралығында өз-өзіне қол жұмсау 2 есеге арттқан, экономикасы дамыған елдерде бұндай жағдайлар жиі кездеседі. Зерттеу эксперименті бойынша өз-өзіне қол жұмсау ырықсыз түрде пайда болатыны анықталды. Бұндай әрекет жастық шаққа тән. Ер балалар арасында өз-өзіне қол жұмсау қыз балаларға қарағанда әлдеқайда көбірек, ал қыз балалар демонстротивті түрде көрсетіп отырады. Семинар-тренингте жастарға психологиялық кеңестер айтылып, ашық әңгімелесу, пікірлесу процесі жүргізілді. Аталған іс-шара алдағы уақытта жалғасын табады.
Жарияланды: 08.10.2018