Жарияланды: 04.07.2020

Балаларға қолдау бар

Шымкентте инклюзивті бағыттағы Balatimes.kz атты ақ­параттық сайты ашылғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Сайт редакторы – ерекше баланың анасы Жанель Жұма­линова. Сайттан ерекше және дені сау балалардың ата-аналары үшін пайдалы ақпарат табуға болады. Мұнда қор және олардың қызметі, Оңалту орталықтары мен балаларды емдеу және тү­зету бойынша қызметтер көр­сетілген. «Мүгедек балалар және олар­дың ата-аналарының құ­қығы мен жеңілдіктері туралы анық­тамалық» бөлімі ата-аналарды заң сауаттылығына үйрететін болады. Тіпті балалар мен ата-аналардың осы аурумен күресу жолындағы бастан кешкендері, кішкене де болса маңызды жеңіс­­терді оқуға болады. Оның үстіне, ерекше балалардың ата-ана­лары өз пікірімен бөлісіп, өздеріне пайдалы көмек те ала алады. Редактордың айтуынша, екі тілде жүретін сайт инклюзивті балалардың еркін жүретін қо­ғамда қалыптасуына әкеледі. Уақыт өте мұндай балалардың әр қазақстандықтың жүрегінде өз орны болады. Алты бөлім­нен тұратын порталда Bala Times Fashion – балаларды жас мотиватор ретінде көре ала­мыз. Сонымен қатар бүгінгі қо­ғам­да ақсап тұрған мәселе – заң. Әсіресе, мүгедектігі бар бала­лардың, олардың ата-аналары­ның құқықтары және жеңілдік­тері жайында жан-жақты тал­­­қы­ланатын арнайы заң бөлімі бар. Мі­не, осы бөлімді әр ата-ана өз қа­жетіне пайдалана алады.

– Қазір портал – волонтер. Осы күнге дейін түсінгенім бір нәрсе – өзімді құтқарғым келсе, алдымен біреуге көмектесуім керек. Сондықтан да басқаларға көмегімді бергім келді. Өйткені мұның қиындығын бір адамдай көрдім. Өзім қарапайым ғана әйелмін. Бойымда қорқыныш та, күйзеліс те болды. Бірақ ба­лам үшін жан пида. Ұлымның денсаулығын қалпына кел­тіруге деген талпынысым үл­кен күшке айналды. Құдайға шүкір, балам балабақшаға барып жүр. Бұған дейін қол-аяғы тартылып, жүре алмай қалған еді. Тынымсыз күресудің арқасында денсаулығы түзелді. Енді сөйлеуге үйретеміз, – дейді Жанель Жұмалинова.

Тіпті заман талабына сай алдағы уақытта үйден шықпай-ақ, пайдалы ақпаратқа қол жеткізуге болады. Ол үшін ата-аналар мен мамандар арасында онлайн режимінде арнайы форум құру жоспарлануда. – Біздің қызметкерлер ерекше балалардың аналары қолдаусыз қалмауы үшін барлығын жасайды. Қажетті ақпаратпен бөлісіп, реабилитолог-мамандардың кеңестерін ұйымдастырады, – деді «UMC» корпоративтік қорының балаларды оңалту ұлттық орталығының директоры Шолпан Бөлекбаева.

Айқын

 

762 қаралым