Жарияланды: 31.07.2020

Суармалы жер көлемі артып келеді

Шымкент қаласындағы жалпы суармалы жер көлемі 25330 гектарды құрайды. Өткен жылы соның 25203 гектары пайдаланылып, қалғаны тыңайтуға қалдырылған. Шымкент қаласы аумағының жер қыртысы еңіс болып келеді. Суармалы алқаптардың шамамен 7% тегісте, 76% еңісте орналасқан. Егістіктегі жерасты суы 3 метрден төмен деңгейде болса, тұздылығы 0-3 г/л аралығында. Былтыр 1 мың гектарға тамшылатып суару әдісі енгізілді. Сондай-ақ, 171 гектар суармалы жерге жылыжай салынды.
Қала аумағындағы су нысандары «Қазсушар» РМК ТФ «Бадам-су» өндірістік бөлімі мен «Су метрология» филиалдарының меншігіне қарайды. Сонымен бірге 2019 жылы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының теңгеріміне Текесу (сыйымдылығы 481 мың м3) және Ақжар су қоймалары (сыйымдылығы 723 мың м3) алынды. «Су метрология» филиалына «Сайрам су» су торабы қараса, стратегиялық маңызды 2 су қоймасы Бадам мен Тоғыс және 3 су торабы – Жоғарғы Бадамсу, Төменгі Бадамсу және Қос диірмен «Бадам су» өндірістік бөлімінің иелігінде. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарындағы суармалы жерлер заңды немесе жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берілген.
Ауыл шаруашылығын дамытудың түрлі бағдарламаларының және жүргізілген ауқымды реформалардың нәтижесінде 2022 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешеннің табыс үлесі 23 пайызға ұлғаяды деп күтіліп отыр. Сондай-ақ, өнімділіктің артуына егіс алқаптарын әртараптандыру саясаты өз пайдасын тигізуде. Дәстүрлі дақылдардың орнына мал азығы, майлы, бақша дақылдары көбірек егіле бастады.

Шымкент келбеті

765 қаралым