Жарияланды: 27.08.2020

STEM байқауының нәтижелері жарияланды

«Білім керуені» жобасы «Шеврон» компаниясымен бірлесе отыра, педагогикалық және басқа мамандық студенттеріне арналған STEM байқауының нәтижелерін жариялайды. Атап айтсақ, жаратылыстану-ғылыми және инженерлік саланы дәріптеу мен дамыту мақсатында STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) әдістемесі пәнаралық тәсілді ұсынған эссе және мектеп сабақ жоспарларының конкурсы «Білім керуені» жобасы онлайн-марафоны аясында өткізіліп, өз мәресіне жетті.

Эссе конкурсына қатысқан үміткерлер «Қазақстанның білім жүйесіне қандай реформалар керек», «STEM-пәндерінің дамуы елдегі инклюзивтік мәдениеттің дамуына ықпал ете алады», «болашақта қандай мамандықтар талап етіледі» деген осы және басқа да тақырыптарды талқылап, білім саласын дамыту бойынша өз жоспарларын ұсынды.

Эссе конкурсының үшінші орын иегері Балнұр Жұмақадырованың пікірі бойынша, автоматтандыру, энергетика, әртүрлі индустриялар қалдықтарын қайта өңдеу – бүгінгі оқушылар мен студенттердің, сондай-ақ инвестициялау және дамыту үшін қазірдің өзінде назар аударуға тұратын нағыз перспективалық салалар. Кәсіптік бағдар беру тақырыбын тағы бір қатысушымыз, Сәуле Мәуленқұл қозғаған екен, ол: «STEM — ол өндірістік сұраныс пен студенттер арасында саналы таңдау жасауға мүмкіндік беретін көпір, өйткені STEM-жобалары білімді іс жүзінде сынап, қолдануға мүмкіндік береді, сондай-ақ командада жұмыс жасауға үйретеді» деп түйіндеді.

Қатысушылар софт-дағдылар туралы да ұмытпаған. Екінші орынға ие болған Сания Булаткулова, мектепте оқушылар «өзін көрсетуге, өз пікірлерін қорғауға, басқалармен қарым-қатынас жасауға, басқа адамдардың көзқарасын қабылдауға және, жалпы, өзіндік сәйкестілігін жоғалтпай және басып тастамай, қоршаған әлеммен бейбіт және үйлесімді өмір сүруге» үйрену керек деп санайды.

STEM-сабақтар конкурсының қатысушылары сабақ жоспарларын құрастырып, солардың негізінде сабақтардың бейне үлгілерін жасады. Стандартты мектеп тақырыбын қатысушылар таптаурынемес түрде қарастырды: екінші орын алған Айжан Бижанова генетика мен молекулярлық биология принциптерін генетикалық дактиолоскопия мысалымен түсіндірсе; ал бірінші орын иегері Айгун Мавлютова, балама медицина туралы әңгімелей отырып, өткен шақпен ағылшын тілінде таныстырды; Жасулан Утепов геометрияны 3D-дизайн бағдарламалары арқылы оқытуды талдап көрсетті. Ал басқа жүлдегенлер биология, физика және химия пәндері бойынша жоспарлар дайындап, байқау додасына қатыстырылған болатын.

Жалпы аталмыш конкурстарға Қазақстан бойынша 80-нен астам үміткер қатысқан. Олардың жүлделі орындарға ие болған алтауы дипломдармен марапатталды және ақшалай сыйақыларға ие болды. Ал тағы да 23 қатысушы көтермелеу сыйлығын иеленді. Жүлдегерлердің толық тізімі «Білім керуені» сайтында жарыққа шықты.

Жоба туралы

«Білім керуені» — «Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын қазақстандық білім порталы .

2020 ж. маусым айынан бастап «Білім керуені» оқытушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар мен оқушылар үшін, кәсіби қауымдастық құру, Қазақстанда STEM-дағдылары мен STEM-білімді дамыту векторын анықтау мақсатында білім марафонын — онлайн-курстар, воркшоптар, интенсивтер мен ақпараттық сессиялар өткізеді. Жобаға білім, инклюзия және STEM-салаларындағы қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысады. «Білім керуені» туралы толығырақ жоба сайтынан білуге болады.

«Білім керуені» порталымен әлеуметтік желілер арқылы байланысуға да болады:
● https://www.facebook.com/CaravanofKnowledge.kz/
● https://www.youtube.com/watch?v=7lOrJKQS15A
● https://www.instagram.com/caravan_of_knowledge/
● https://t.me/caravanofknowledge

927 қаралым