Шымкент қаласындағы №2 оңалту орталғы жаңа құрылғымен толықты. Ауруханаға, неврологиялық науқастарды емдеу үшін Ресейлік «Е-helper» экзоскелет жылжымалы механизмі орнатылды, деп хабарлайды Отырар.кз.
Ақ халаттылардың айтуынша, клиникалық орталыққа Егемендігімізге отыз жыл толына орай әкелінген бұл аппараттың науқастарға тигізер пайдасы орасан зор. Жаңа құрылғының ерекшелігімен, оң әсері жөнінде толығырақ….
Шымкент қалалық №2 оңалту орталығына «Е-helper» экзоскелет аппараты орнатылды. Мамандар неврологиялық науқастарды оңалту мақсатында, бұл құрылғыны арнайы Ресейден алдырған екен. Олардың айтуынша, экзоскелет аяқтың әлсіздігі мен ұзақ уақыт төсекте жатуға мәжбүр болған жандарға көмектесіп қана қоймай, әртүрлі профильдегі пациенттерге де оң әсерін тигізетін көрінеді.
Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Бұл құрылғының бір ерекшелігі өздігінен жүре алмайтын түрлі ауруларға көмектеседі. Бұл аппаратты тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап клиникамызға алып отырмыз».
Қазіргі таңда аталған жаңа аппаратты тиімді пайдалану үшін отандық дәрігерлерге Ресейден арнайы мамандар келіп сабақ өтуде. Айта кететін жайт, бұл экзоскелет құрылғысы шаһарымызда алғаш рет қолданылғалы отыр.
Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Бұл аппаратты біз Ресей Федерациясынан алып отырмыз. Бір аптадан бері әріптестеріміз келіп үйретіп жатыр. Басқарудың өзіндік ерекшеліктері бар. Нәтижесі, төсек тартып жатқан науқастарға өте қолайлы аппарат, қайталап өтейін бұл бізде Шымкентте алғаш рет алып жатқан құрылғы».
«Е-helper» құрылғысы орнатылған бұл орталық, тірек-қимыл аппараты бұзылған 18 жасқа дейінгі балаларды оңалтуға сондай-ақ, кардиохирургиялық коррекциядан кейін емдеуге арналған. Жаңа аппараттың келуі мұндағы науқастардың жүзіне қуаныш, көңіліне үміт сыйлады. Осындай емделушілердің бірі Жетісай қаласының тұрғыны Ажаркүл Жүсіповада құрылғының іске қосылуын асыға күтуде. Себебі, оның немересі неврологиялық сырқатқа шалдыққан екен.
Ажаркүл Жүсіпова, Жетісай қаласының тұрғыны: «Ұжым Робот әкеліп біздерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға пайдасының көптігіне қуанып жатырмыз. Ұжымға рақмет. Қолын көтере алмайтын еді көтеріп жатыр, қолын аша алмайтын еді ашып жатыр, нәтижеміз зор».
Бірқатар мүмкіндікке ие экзоскелет, салмағы 40 және 110 келі аралығындағы бойы 150 см-ден жоғары науқастар үшін қол жетімді болмақ. Мамандар, бұл аппарат әзірге қаламыздың бір ғана емханасында болғанымен, 2022 жылы мегаполистегі жекеменшік клиникаларға да орнату жоспарда дейді.
Аида Қарсыбайқызы