Жарияланды: 26.11.2022

Жеке сот орындаушыларымен дөңгелек үстел өтті

Түркістан облысының Әділет департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Марат Ахтановтың төрағалығымен «Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің, атқару құжаттарының орындалуын жүзеге асыру мәселелері бойынша дөңгелек үстелі өтті.

Жиын барысында атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйеге мәліметтерді енгізу мәселелері, боышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағида талаптарын қатаң сақтау, мемлекет кірісіне сомаларды өндіріп алу бойынша мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының атқару құжаттарын орындау тиімділігін арттыру мәселелері талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Сондай ақ Сайрам ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің сот орындаушысы С.Айтурееваның 2022 жылға арналған жеке жұмыс жоспарына сәйкес,  ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылары мәртебесі туралы » Заңы бойынша атқарушылық іс жүргізу өндірістерінің орындалу шеңберінде іздеу жарияланған борышкерлерге қатысты Сайрам ауданының ішкі істер органдарының және жеке сот орындаушыларымен дөңгелек үстел өтті.

461 қаралым