Жарияланды: 28.11.2022

Көлеңкелі қылмысқа жол бермеуді көздейтін шара

 

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Жүнісов Ержан Түркістан облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлерімен кездесіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында түсіндіру шараларын жүргізді.

 

Көлеңкелі қылмысқа жол бермеуді көздейтін шарада Ержан Әліұлы парақорлық — ел әлеуетінің дамуына кері әсер ететін қауіпті індет екенін жеткізіп, мемлекеттік қызметшілерді бармақ басты әрекеттерден алшақ болуға және кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысу фактілеріне жол бермеуге шақырды.

 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жолдауы мен заңнамалық жаңалықтарды жан-жақты талқылап, сыбайлас жемқорлық фактілеріне ұшырасқан жағдайда 1424 сенім телефонына қоңырау шалу қажеттігін ескертті.

 

Шара соңында заңбұзушылықтар аясында әзірленген бейнероликтер көрсетіліп, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді.

 

335 қаралым