Жарияланды: 15.05.2023

Әзірбайжан елінде ТҮРКСОЙ-дың кезекті отырсы өтті

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жұмыс сапарымен Әзірбайжанға барды. Мұнда ТҮРКСОЙ ұйымына қатысушы елдердің мәдениет министрлерінің кездесуі және ТҮРКСОЙ Бас хатшысы, Түркі Мемлекеттерінің ұйымы, Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының, Халықаралық Түркі академиясының, Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының өкілдері қатысатын басқа да іс-шаралар жоспарланған.

Атап айтқанда, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевпен, Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Гюнай Эфендиевамен кездесемін. Естеріңізге сала кетейін, биыл ұйымның құрылғанына 30 жыл толады және мерейтойлық іс-шаралар біздің елімізден басталады. Алматыда осы айтулы күнге орай гала-концерт өткізу мәселесі пысықталып жатыр.

Сондай-ақ, Темірбек Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойына орай ТҮРКСОЙ аясында, 2023 жыл көрнекті қоғам және саяси қайраткердің жылы деп жарияланды. Осыған байланысты да түрлі іс-шаралар өтеді. Мысалы, наурыз айында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Жүргенов жылының ашылу салтанатын ұйымдастырды. Оған ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Бiлал Чакыджы және ұйымға қатысушы 6 елдің өнер университеттерінің ректорлары қатысқан болатын.

Қазақстан түркі елдерімен мәдени байланысты нығайтады. Алдағы кездесулер ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге көтеруге көмектесетініне сенімдімін. Мен ол кездесулердің нәтижесі мен қол жеткізген келісімдер туралы міндетті түрде хабарлаймын.

178 қаралым