Жарияланды: 24.05.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 мамыр күні өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге келді

Бүгін Президент «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар форумға Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қатысады, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейнебайланыс режимінде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) – Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты әрекет ететін реттеуші органы. 2012 жылғы 2 ақпаннан бастап әрекет етуін бастаған.

Еуразиялық экономикалық комиссияның негізгі мақсаты — ЕАЭО әрекет етуінің және дамуының шарттарын қамтамасыз ету, одан әрі интеграция саласындағы ұсыныстарды әзірлеу.

Қазіргі уақытта ЕЭК құрамында бес ел ұсынылып отыр: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы. ЕЭК басқарудың ұлттық органы ретіндегі мәртебеге ие және кез келген ұлттық үкіметтердің мүделерін өз шешімі ретінде айғақтамай, өз төңірегінде еуразиялық экономикалық интеграция жобасында жалпы мүше мемлекеттердің мүдделерін басшылыққа алады. Комиссияның шешімдері ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумақтарында орындалуға міндетті болады.

ЕЭК құру жайлы шешімнің негізінде төрт мемлекет бірге жаһандағы тұрақсыздықтың жағымсыз салдарын төмендетіп қана қоймай, сонымен бірге, сыртқы нарықта өздерін белсенді танытатындығын ұғынуы жатыр. Еуразиялық экономикалық одақ бірлестіктің мақсаттарын қолдайтын және талап етілген міндеттемелерді қабылдауға дайын басқа да, мемлекеттерді қабылдауға ашық.

Комиссияның аса маңызды артықшылығы — барлық қабылданған шешімдердің алқалы негізде қабылданатындығында. Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы 10 мүшеден (әр мүше мемлекеттен Комиссияның 2 Алқа Мүшесінен (Министрден) тұрады, соның ішіндегі біреуі Комиссия Алқасының Төрағасы болып табылады.

181 қаралым